Балқаштық дәстүрлі әнші V Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Жас Дарын» байқауының жеңімпазы атанды. Өнерпаздарға арналған байрақты бәсеке Нұрсұлтан қаласында өтті. Халықаралық ән байқауына Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 150-ге жуық әнші қатысты. Олардың арасында Балқаштық жас әнші Салтанат Кеңес те бар. Оның өнер мектебінде оқығанына биыл 5 жыл. Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы бұл жолы да қаламызға жүлделі орынмен оралды. Салтанат халықаралық байқауда домбырамен «Ақерке» халық әнін орындаған. Нұрсұлтан қаласында өткен байрақты бәсекеде «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Ал Салтанат Кеңестің жетекшісі Жансая Абдуалиеваға жас жеткіншекті шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігі мен өз ісіне адалдығы үшін «Үздік ұстаз» атағы берілді.
Салтанат Кеңес халықаралық ән байқауының жеңімпазы: «Конкурстың ерекшелігі — мен бұны лайк-тайм арқылы жеңіп алдым. Қарсыластарым өте көп және мықты болды. Мен «Ақерке» деген ән орындадым. Және сол арқылы 1-ші дәрежелі дипломды алдым
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login