Пиротехниканы заңсыз сатқан балқаштық кәсіпкер тіркелді. Бұл әрекеті үшін ол 63 мың теңге айыппұл төледі. Полицейлер мен ТЖБ қызметкерлері рейдке шығуда. Рейдте рұқсат қағазы жоқ және сертификатталмаған пиротехникалық тауарлар тәркіленеді. Жедел алдын алу іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғаспақ. Отшашуларды тек қана мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады. Бірақ шаһарымызда әзірге ондай жер жоқ. Отшашу құралдарын заңсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Құтқарушылар сондай-ақ жолдағы және мұздағы қауіпсіздік ережерін еске салды. Одан бөлек ТЖ комитеті «Дәрмен» атты тегін әрі тиімді мобильдік қосымшасын қосуға кеңес береді. Қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы туралы жаппай ақпараттануға мүмкіндік береді
Қала әкімі Ораз Тәуірбеков ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті. Бүгінде Балқашта жалпы саны 11 332 адам зейнет жасында. Бұл шамамен қала тұрғындарының 15 пайызы. Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов 2019 жылдың қорытындысын жасады. Одан соң мінбеге қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің міндетін атқарушы Болат Асылбеков шықты. Оның айтуынша биылғы жылы қала бюджетінен бөлінген 2 млрд 152 млн теңгеге автомобиль жолдарының 3,7 шақырымы орташа, ал 19 600 метр квадраты ағымдағы жөндеуден өткен. Келер жылғы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай қалалық бюджет есебінен 575 азаматқа жалпы сомасы 30 млн 800 мың тг көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Оның ішінде ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден, ал тың еңбеккерлері және басқаларына санаттары бойынша 50 мың теңгеден берілмек
«Құнды идеясы бар Балқаш жастары». Осындай атаумен қаламызда интеллектуалдық сайыс өтті. Онда 14 пен 28 жас аралығындағы белсенді жастар өз идеяларын ұсынды. Ал мектеп оқушылары болса қонақ ретінде қатысып, мәдени, ғылыми, рухани және бизнес бағытындағы жобаларын таныстырды. Өз жобасын қорғаушылардың бірі Сержан Ельшибеков. Ол Балқаш көпсалалы колледжінің 4 курс студенті. Балқаш пен Алматы қалаларының арасына көл үстінен көпір салса деген ойы бар. Көлдің ащы-тұщы деп бөлінер тұсында тереңдік 3 жарым метр, сол аралық көпір үшін таптырмас мүмкіндік дейді жоба қатысушысы. Үміткерлердің бірі көркем сурет галереясын ашсам дейді, енді бірі жастарға арналған дамыту орталығын жүзеге асырмақ ниетте. 8 сынып оқушысы болса психологиялық бағыттағы «Жасөспірімдер және ата-аналар» жобасын ұсынды
Қалалық музейде жас суретшінің көрмесі ашылды. Алдияр Сағынтаев өз туындыларын көпшілікке таныстырды. Жас суретшіні қолдау үшін қала жастары көрмені тамашалауға қатысты. Түрлі картина авторы туындыларына жеке-жеке тоқталды. Суретші авангард және реализм стилінде адамдар бейнесін, табиғатты және өркениетті салған. Ал кейбір картиналарында гуашьтің көмегімен қоғамның әлеуметтік проблемалары бейнеленген. 16 жастағы Алдияр Сағынтаевтың сурет салумен айналысқанына биыл 3 жыл. Бүгінде ол 15 картинаның авторы. Алдияр Сағынтаев Балқаш маңызды білім беру колледжінің студенті, ерікті, сонымен қатар жастар маслихатының депутаты. Айта кету керек, суретшінің көрмесін қала тұрғындары 2 апта бойы тамашалай алады
«Живая память» халықтық ардагерлер хоры өздерінің 30 жылдық мерейтойларын атап өтті. Атаулы датаға орай мәдениет сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әріптестерін қолдау мақсатында «Балқаш сазы» ардагерлер қоры өнер көрсетті. Атаулы датаны «Живая память» халықтық ардагерлер қоры ұжымы қаланың басты сахнасында тойлады. Мерейтойлық бағдарламада халықтық және патриоттық әндер шырқалды. 10-ға жуық композицияны жеке және қосылып 20-дан астам ардагер орындады. «Живоя память» қатысушылары 1989 жылдан бері бірнеше мәрте «халықтық» атағына ие болды. Олардың репертуарларында 150-ден астам ән бар. Ал әншілердің орта жасы 67-де. Бұл күні көрермен «Балқаш сазы» хорының орындауында халықтық және Абай әндерін де тыңдады. Ардагерлер 2011 жылдан бері тұрғындарды өнерлерімен қуантуда. Ұжымның ең үлкен әншісі 80 жаста. Жастарына қарамай аталар мен әжелер қалалық, облыстық фестивальдерге жиі қатысады. Сонымен қатар, ардагерлер хорының жеке композиторлары бар.
Балқаштық дәстүрлі әнші V Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Жас Дарын» байқауының жеңімпазы атанды. Өнерпаздарға арналған байрақты бәсеке Нұрсұлтан қаласында өтті. Халықаралық ән байқауына Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 150-ге жуық әнші қатысты. Олардың арасында Балқаштық жас әнші Салтанат Кеңес те бар. Оның өнер мектебінде оқығанына биыл 5 жыл. Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы бұл жолы да қаламызға жүлделі орынмен оралды. Салтанат халықаралық байқауда домбырамен «Ақерке» халық әнін орындаған. Нұрсұлтан қаласында өткен байрақты бәсекеде «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Ал Салтанат Кеңестің жетекшісі Жансая Абдуалиеваға жас жеткіншекті шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігі мен өз ісіне адалдығы үшін «Үздік ұстаз» атағы берілді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login