Қарағанды облысы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі бойынша бесінші орында тұр. Жалпы алғанда, елімізде жыл басынан бері 166 мыңға жуық жұмыссыз тіркелген. Статистикаға сүйенсек, Алматы қаласында 50 мыңға жуық адам жұмысқа орналаспаған. Ал екінші орында Алматы облысы тұр, онда 48,5 мың адам жұмыссыз. Үштік қатарына Түркістан облысы да кіреді. Келесі тізімде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Ал Балқашта қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Деседе, ағымдағы жылы 2,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда Балқашта 400-ге жуық бос жұмыс орыны бар. Еңбек нарығында мұғалім, оқытушы және дәрігер мамандығы сұранысқа ие. Мәселен Орталық ауруханада 60 қызметкерге бос жұмыс орны бар. Ал «Балқаш Су» компаниясына 17 маман қажет. Бұдан бөлек, 2 әскери бөлімге 50 адам, «Балқаш универсал» мекемесіне 30 жұмысшы керек. Қаламыздағы бос жұмыс орындарының тізімін жұмыспен қамту орталығына барып көре аласыздар
Келесі жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің көлемі өседі. Мемлекет басшысы қол қойған заңда келесі жылдың ең төменгі жалақысы мен зейнетақысы көрсетілген.Айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге болмақ. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы бұрынғыдай 42 500 теңге көлемінде. Ал мемлекеттің базалық зейнетақысы 16 839 тг, ең төменгі зейнетақының көлемі 38 636 теңге болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 698-ден 31 183 теңгеге дейін көтеріледі
700-ге жуық балқаштық 1 сынып оқушылары туберкулезге қарсы егілді. Шаһарда мектеп табалдырығын аттаған балаларға жоспарлы вакциналау өткізілді. Бұл шара биыл жылдағыдан кеш басталды.Екпеге 1300-ге жуық мектеп оқушысы қамтылды. Әуелі оларға манту сынамасы жасалды. 17 бала медицина көрсеткіші бойынша екпе салуға жарамсыз болса, 46-сы екпеден бас тартқан. 87 оқушының вакцинасы — егілу аралығына байланысты кейінге қалдырылған. Екпе алғандардың көбінде теріс нәтиже көрсеткен. БЦЖ-мен 700-ге жуық бала вакциналанған. Манту көрсеткіші 15 пайыз жағдайда күмәнді, ал 30 пайызда оң нәтиже көрсеткен. Мұндай балалар алдағы уақытта қайта тексеріліп, егілмек
Балқаштық үздік оқушыларды медальдармен марапаттады. Қаламызда дарынды балалардың «Алтын бала» форумы өтті.Оқу озаттарын құттықтау шарасы Оқушылар сарайында өтті. 6 түрлі номинацияға қаламыздың 60 оқушысы үміткер болды. Жастар жылына орай әр санат бойынша жеңімпаздар анықталды. Тағы 5 бала «Жас дарын» және «Алтын тұғыр» номинациясымен марапатталды. «Жыл көшбасшысы» атағына 5 мектеп пен 15 лицей ие болды. Ал «Жыл оқушысы» деп Даяна Оспанова мен Балнұр Есенова танылды. «Алтын бала» басты атағы 7 гимназияның оқушысы Әсел Ахметова мен №2 лицейінен Нәзерке Егіналиеваға табысталды. Бұдан бөлек, айтулы күні 10 оқытушыға қала әкімінің атынан құрмет грамотасы мен алғыс хат берілді
Балқаштық Еркебұлан Алтымбеков бразилиялық джиу-джитсудан халықаралық деңгейде өткен додадан күміс жүлдемен оралды. Arlan Grip Championship xалықаралық турнирі Алматы қаласында өтті.Оған еліміз бен Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Бразилия, Эфиопия және Грузия мемлекеттерінен 1300-ге жуық спортшы қатысқан. Бәсекеге толы бозкілемде жерлесіміз Еркебұлан Алтымбеков 3 белдесу өткізген. Спортшымыз 2 қарсыласын басымдықпен жеңеді. Финалдық кезеңде әлем чемпионымен сынға түседі. Қарсылас балуаннан ұпайдан есе жіберіп алып, 2 орын иеленеді. Ал балқаштық жас спортшы Әлем Байдағұлов Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық дзюдо жарысынан 3 орынға ие болды. Бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 300-ден аса үміткер қатысқан. 14-15 жас аралығында өнер көрсеткен Әлем Байдағұлов өз салмағындағы 22 спортшының арасынан қола жүлдеге қол жеткізді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login