Балқаш жаңалықтары 11.12.2019

  1. Жаңа жыл мерекесінде пиротехникаларды қалай дұрыс қолдану қажет? Төтенше жағдайлар басқармасында осындай тақырыпта кәсіпкерлермен, кафе мен мейрамхана иелерімен кездесу өтті. Өрт қауіпсіздігін ескертіп, өрт сөндіргішті қолдану  ережесін көрсетті.Мейрамханадағы жаңа жылдық банкет өртпен аяқталмас үшін не істеу керек? Құтқарушылардың жергілікті кәсіпкерлермен кездесудегі басты тақырыбы  осы болды. Мекеме иелеріне жаңа жылға арналған жабдықтарды орнатпай тұрып тоқ сымдарының жай-күйі мен өртке қарсы дабыл құралдарын тексеріп алуға кеңес берді. Одан бөлек отшашуларды ғимарат ішінде қолдануға қатаң тиым салды. Көшеде қолдануға арнайы рұқсат керектігі ескертілді. Отшашуларды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады. Әзірге, балқашта ондай дүкен жоқ. Сатушылардың пиротехникаларына рұқсат рәсімдеуге әлі де уақыттары бар. Ай соңында арнайы мамандар рейдке шығып, отшашуға  құжаты жоқтардың тауарын тәркілемек. Тілсіз жау туындаса не істеу керек? Мамандар өрт сөндіргішті қолдануды көрсетті. Өрт сөндіру баллондарының жарамдылық  мерзімі мен ондағы қысым мөлшерін қадағалап отыру қажет. Кәсіпкерлерге мереке қарсаңында өз қызметкерлерімен бірге қауіпсіздік шарасын пысықтауға кеңес берілді
  2. Балқаштықтарға өз бетінше құрылыс салу құқығы мен оны қандай жағдайда құлату  тиіс  жайлы айтылды. Қалалық сотта жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен заңгерлердің  қатысуымен семинар өтті. Өз бетінше салынған құрылысқа тұрғын үй немесе өзіне тиесілі емес жер учаскесінде салынған басқа да құрылыстар жатады. Мұндай іс бойынша материалдар  объект заңсыз орналасқан тұрғылықты жердегі соттарда қаралады.  Ал талап қою кезіндегі мемлекеттік баж осы мүліктің құнына қарай есептеледі. Өз бетінше құрылыс салуды  меншік құқығы деп танудағы дау-дамайдың жауапкері әкімдер болып табылады. Бұдан бөлек, сот шешімі бойынша заңсыз салынған құрылысты иесінің өзі немесе оның қаржылай есебінен бұзады. Семинарға қатысушылар  тақырып аясында сұрақтар қойып, қаладағы нақты оқиғаларды талқылады
  3. «Бастау Бизнес» жобасының арқасында балқаштық азамат техникалық қызмет көрсету станциясын ашты. Ол қазан айында мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік негізін оқыту курсын аяқтаған. Одан кейін өз жобасын қорғап,  500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Әли Балтабаев 13 жасынан бастап әкесіне көлік жөңдеуге  көмектескен. Ержеткеннен кейін заводқа тұрақты жұмысқа орналасты. Ал демалыс күндері көліктерді жөңдеумен айналысқан.  2015 жылы оны  денсаулығына байланысты екінші топтағы мүгедекттікке шығарған. 1 жыл бойы  оңалту орталықтарына барып ем алған. Одан кейінгі жылдары жұмыс табу қиынға соққан. Әли Балтабаев таныстарынан өз бизнесін ашу үшін грант ұтып алуға болатынын естігенін айтады. Грант ақшасына кәсіпкер диагностикалық аппарат пен бүріккішті шаюға арналған құрал-жабдықты сатып алған. Қазіргі таңда жаңа кәсібі өзіне табыс әкеле бастаған. Болашақта автомеханик кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Әли Балтабаев мекеменің құрылысын аяқтап, керекті құрал-саймандар қатарын толтырып, көмекші адамдарды жұмысқа алатын боламын дейді
  4. 2019 жылы қала көшелеріндегі жарнама маңдайшаларынан 60-тан аса қате табылған. Мұндай мәліметті жергілікті кәсіпкерлердің сауаттылығын тексеруге шыққан мәдениет бөлімі мен тілдерді дамыту орталығының мамандары беріп отыр. Бүгін олар кезекті 4-ші рейдке шықты.  Жылдың соңғы тексерісіне еріктілер мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдерінен құрылған топ шықты. Мамандар бүгін жарнама маңдайшасындағы қатесіне ескертпе алған кәсіпкерлерге барды. Кейбір нысандарда тіпті маңдайшаның мемлекеттік тілдегі сипаттамасы болмаған. Балқашта 320 әлеуметтік, 880 коммерциялық көрнекі ақпараттар мен жарнамалар бар. Биыл 4 тоқсан бойынша рейдке 570 нысан жарнамасы қамтылған. 60 жарнамадан заң бұзушылық анықталса, 36-сына түзету енгізілген. Қатені түзетуден бас тарту мен уәде еткен мерзімде олқылықты қалпына келтірмегені үшін 12 жарнама алынып тасталған. Жедел желі арқылы хабарласқан 58 маңдайшаның қатесі түзелген. Одан бөлек төрт тоқсан бойынша 28 кәсіпкер көрнекі ақпаратын бөлімге келу арқылы тексертіп түзетіп алған
  5. Балқаштық тұрғын республикалық «Еңбек жолы» форумында үздіктердің қатарынан көрінді. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойыншаауа бөлу қондырғыларының аппаратшысы Дәулет Ежибаев үшінші орынға ие болды. Елордада еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарымарапатталды.Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас жұмыскері» атты үш номинациядан тұрады.Қалалық кезеңнен 2-ші, облыстықтан 1 орын алған жерлесіміз республикалық додаға жолдама алған. Конкурстың өңірлік кезеңінде144 адамның ішінен дауыс беру нәтижесі мен комиссияның бағалауынан сүрінбей өткен. Нәтижесінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойыншабалқаштық Дәулет Ежибаев 3 орын иеленіп, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады
  6. Демалыс күндері дүние жүзі халқы шәй күнін атап өтеді. Шәй дастархан басында адамдарды біріктіріп, қатты аяздарда жылытады. Оның құрамында танин, кофеин, теобромин, эфир майы, витаминдер, және пигмент болады. Балқаштықтар шәйді ұнатады ма? Және оны қаншалықты жиі ішеді екен? Сауалнама айдары

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login