Балқашта бір күннің ішінде полиция қызметкерлері 70-тен астам заң бұзушылықты анықтады. Қаламызда «Құқықтық тәртіп» акциясы өтіп жатыр. 13 желтоқсанға дейін құқық қорғаушылар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Олар есепте тұрғандарды, қару иелерін, сотталғандарды, жалдамалы пәтерде тұратындарды тексереді. Бір күннің өзінде тәртіп сақшылары 70-тен астам заң бұзушылықты анықтады. Мәселен 25 адам қоғамдық жерде ішімдік ішсе, 2 кәмелет жасқа толмаған бала түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген, ал 3 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған. Одан бөлек 11 балқаштық ұсақ бұзақылық үшін ұсталды. Барлық заң бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылды
Келесі жылдан бастап Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсетін болады. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада осындай тапсырма берді. Оның айтуынша 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Сол себептен жаңа жыл басынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысын көтеруді тапсырды. Сондай-ақ келесі жылы колледж студенттерінің де шәкіртақысы 25 пайызға өсетін болады. Мемлекет басшысы биыл қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы көтерілгенін айтты
Жыл басынан бері 20-дан астам сәбидің ата-анасы екпе алудан бас тартқан. Олар діни көзқарастары мен жеке себептерге байланысты келісімін бермеген. Балқаштың перзентханасында сәбилер гепатит пен БЦЖ-ға қарсы вакцинация алады. Жыл басынан бері 20-дан астам сәбиге ата-аналарының бас тартуына байланысты екпе салынбады. Бастартқандардың бесеуі сырттан келген адамдар, олар тұрғылықты жерлері бойынша салдыртатындарын хабарлады. Ал үш балқаштық кейінірек ойларын өзгертіп, вакцина алуға келісімін берді. Мамандардың мәліметінше, ата-аналардың 68 пайызы жеке себептерге, 18 пайызы вакцинаға сенімсіздік білдіргендіктен,12 пайызы діни көзқарастарына, ал 2 пайызы БАҚ-та жарияланған жағымсыз ақпараттарға байланысты бас тартқан. Қазіргі таңда олардың барлығына екпе салдырудың маңызды екендігі түсіндірілуде
8 мың балқаштық тұмауға қарсы екпе алды. Шаһарда ауруға қарсы иммунизациялау науқаны басталды. Бірінші болып қауіп-қатер тобына жататын азаматтар егілді. 4000-ға жуық бала мен 3 мыңға жуық ересек, 800 медициналық қызметкер мен 250 жүкті әйел сондай-ақ 500-ден аса жасы 65-тен асқан егде жастағылар тегін түрде екпе алған. Жалпы алғанда балқаштықтардың 10 пайызы немесе 8 613 адам қамтылған. Биылғы жылы вакциналауға 20 жылдан бері нарықта жүрген ресейлік «Гриппол+» екпесі қолданылуда. Тұмаудың алдын алғысы келгендер вакцинация ала алады, бірақ ақылы түрде жүргізілмек
Балқаштықтар үздік жалпы практика дәрігерін таңдай алады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры елімізде «Ең үздік отбасы дәрігері және оның командасы» байқауын жариялады. Байқау жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында өтеді. Кез келген интернет қолданушысы байқау қатысушыларына Doctor.fms.kz сайтында дауысын бере алады. Ол үшін әуелі өңірді және тізімнен ең білікті дәрігерді таңдау жеткілікті. Дауыс берер кезде әуелі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 3 сұрақ қойылады. Егер дұрыс жауап берсеңіз таңдаған дәрігеріңізге ұпай беріледі. Бірінші кезеңде ауылдық және қалалық өңірлерден 34 номинант іріктеледі. Екінші кезеңде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Конкурс демеушілері оларға 5 млн, 3 млн және 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сый береді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login