Балқаштық скрипкашылар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

Балқаштық скрипкашылар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Атырауда өткен шығармашылық байқауға өнер мектебінің тәлімгерлері қала намысын қорғады. Сайыста 7 мен 13 жас аралығындағы балалар өнер көрсетті. Балқаштан өнер мектебінің 4 тәлімгері барды. Олар скрипкада ойнап, 30 қатысушымен бақ сынасқан. Нәтижесінде балқаштықтар барлық жүлделі орынды жеңіп алды. Анель Малыбаева бірінші орын иегері атанса, күміс Айым Болатбекке бұйырды. Мөлдір Ақар және Баян Қабдырахман қола жүлдеге лайық деп танылды. Баян үшін бұл алғашқы конкурс.

Анель Малыбаева – халықаралық байқау-фестивалінің жеңімпазы: «Бұл конкурста мен Крейслердің «Сицилиана және ригодон» шығармасын ойнадым. Өзімнің сол жерде ойнағаныма көңілім толды. Конкурс өте қиын болды. 200-ден астам адамдар келді. Профессиональный жюрилар отырды. Сол себепті бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login