Балқаш жаңалықтары 19.11.2019

  1. Қазақстанда транспорт салығын төлеу мерзімі өзгертілмек. Салық заңнамасындағы жаңашылдықты мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мәлім етті.  Жаңа заң жобасы бойынша көлік салығын төлеу уақыты 1сәуірге ауыстырылады. Алайда тек жеке тұлғалар үшін. Сонымен бірге мүлік және жер салығын біріктіру жоспарлануда. Одан бөлек көпқабатты үйде тұратын пәтер иелері енді жер салығынан бостылады. Себебі төленетін сома аз, ал әкімшілік шығын едәуір көп. Заң жобасындағы бұл өзгерістер 2020 жылы өз күшіне енеді. Ал оған дейін яғни 31 желтоқсаннан қалдырмай тұрғындар транспорт салығын төлеуі қажет. Қанша сома төлейтініңізді мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан көруге болады. Ал еGov.kz порталы өз қарызыңызды жаба аласыз. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңбаның қажеті жоқ. Қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша 36 мың көлік иесі транспорт салығын өтемеген. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 800 миллион теңгеден асқан
  2. Балқаш экологиясы туралы мәселе №15 мектеп-лицейінің оқушыларына жеңіс сыйлады. Балқаштықтар өзін-өзі тану пәнінен өткен республикалық олимпиадаға қатысып бірінші орын алды. Олар зауыттан ауаға бөлініп шығатын зиянды заттар мен олардың қаупі жайлы жоба қорғаған. Мәселені шешу жолдарында ұсынған. №15 мектеп-лицейінің оқушылары келтірген мәліметтерді қалалық эко орталықтың мамандарынан алған.  Оған сүйенетін болсақ Балқашта жыл сайын 600 мың тонна зиянды өндірістік қалдық ауаға таралады екен. Атап айтсақ  көміртек оксиді, аммиак, күкірт, қалдық газдар және шаң. Ауаға таралатын зиянды өндірістік қалдықтардың салдарынан Балқашта әсіресе балаларды дерт дендеген. Өткен жылы 5 жасқа дейінгі 160 тан астам бала тыныс алу жолдарының ауруына шалдыққан. Ішек аурулары бойынша 20-ға жуық бүлдіршін есепке алынған. Тек балалар емес ересектер арасында да басқа да дерттер өршіп тұр. Өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған республикалық олимпиада Алматыда өтті. Онда алдымен қалалық, кейін облыстық олимпидада жеңіске жеткен №15 мектеп-лицейінің оқушылары барды. Олар еліміздің облыстары мен қалаларынан келген 19 командамен сынға түсті. Нәтижесінде Балқаш экологиясы туралы қорғаған жобалары үздік деп танылып, бірінші орын алды
  3. Барша әлемде антибиотиктерді дұрыс қолдануға үндейтін  апталық жүріп жатыр. Бұл препараттар Қазақстанда үшінші жыл тек дәрігердің рецептімен босатылады. Қазіргі таңда шаһарымызда және жалпы Қазақстанда антибиотиктерді рецептсіз сатып алу мүмкін емес. 2016 жылы кейбір дәрілік препараттарды тек дәрігердің нұсқамасымен босату туралы заңнама өз күшіне енді. Биылдан бастап электронды рецепт жүйесі іске қосылды. Дәрі сатып алуға асықпаңыз! Адамдар сырқатты тезірек емдеймін деген үмітпен дәрігерге барудың орнына  жақын арадағы дәріханаға қарай жүгіреді. Алайда негізсіз антибиотиктерді неғұрлым көп қолданған сайын, соғұрлым оларға төзімді бактериялар көбейе түседі. Басқа да салдары жетерлік. Антибиотиктерді бақылаусыз қолдана отырып, адамзат инфекциялық ауруларға қарсы тұратын иммунитетін керсінше әлсіретеді. Кейін ол дәрілердің адамға еш әсері болмайды. Тек дәрігер ғана антибиотикті тағайындап, оның курсын есептеп, дозасын дұрыс тағайындай алады. Сол себепті ауры қалсаңыз бірінші дәріханаға емес дәрігерге көрінуге асығыңыз
  4. Кәсіпқой заңгерлер балқаштықтарға  тегін құқықтық көмек көрсетеді. Жұма күні қалада «халықтық заңгер» деген атаумен жалпы республикалық акция өтеді. Өткен жылы 1000-ға жуық маман  еліміздің 19 қаласының тұрғындарын қабылдаған.Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған жоба Балқашта 22 қараша күні «Күлия» сауда орталығында өтеді. Сағат 17.00-ден бастап қорғаушылар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және коррупцияға қарсы агенттік өкілдері тұрғындартың  заңға қатысты сауалдарына жауап береді. Кеңес алу тегін
  5. Қарағанды облысында қатты аяз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болауы бойынша жақын күндері термометр бағанасы минус 33 градусқа дейін төмендейді.  Деседе мұндай ауа райы Балқашты айналып өтпек.  Ертең ауа температурасы күндіз 1-3 градусты көрсетсе, түнде минус  8-10 градусқа  дейін түседі. Ал бейсенбі күні күн суый түседі. Сынап бағанасы  күндіз 9-11 ал түнде 16-18градусқа дейін төмендейді. Жұма күні де ауа райы айтарлықтай суық болады. Сондай ақ солтүстік шығыстан  секундына 14 метрге дейін жететін жел соғуы ықтимал.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login