Мемлекеттік жәрдемақыдан айырылған көпбалалы аналар көмекке қайта қол жеткізеді. Жоғарыдағылар отбасының табысына қарап жәрдемақы беретін жүйені қайта қарап, өзгерістер енгізді. Енді 2020 жылдан бастап 4 баласы барлар 42 мыңнан астам, 5 бала асырап отырғандар 53 мыңға жуық, 6 баланың ата анасы 63 мың, 7 бала тәрбиелеп отырғандар 73 мың тг астам жәрдемақы алады
Жастар теріс діни ағымның жетегінде кетпеу үшін не істеу қажет? Ата аналар нені ескеруі керек? Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы медициналық қызметкерлермен кездесті. Жиын №2 емханада өтті
Биыл үй жануарларына вакцина салуға 10 млн тг бөлінген. Төрт түлік сібір жарасы, дерматит, оба, құтырма секілді ауруларға қарсы егілді
Қараша айының үшінші бейсенбісі дүниежүзілік темекіден бас тарту күні. Темекіге тәуелділік ондағы есірткіге теңдес никотиннің әсерінен туындайды. Десе де көпшілік адамдарға темекіден бас тартуға ерік-жігер жетпей жатады. Ал біздің бүгінгі кейіпкерімізге жаман әдеттен арылуға достары көмектескен. Толығырақ бейнематериалда
Енді балқаштықтар өздерінің соғыстан оралмаған жақындарын сайт арқылы іздей алады. Республикада іс-түссіз жоғалған Ұлы Отан соғысының жауынгерлерін іздеуге арналған арнайы портал ашылды. Бұл үшін ata-amanaty.kz қосымшасына кіріп, сарбаздың жеке мағлұматын электронды түрде толтыру қажет. Онда әскер қатарына шақырылған жері мен уақытын, соңғы рет қызмет еткен жерін, жауынгерлік лауазымын және қайтыс болған уақытын көрсету керек. Қазақстаннан соғысқа қатысқа 1,5 миллион азаматың 270 мыңы іс-түссіз жоғалған. Қазіргі таңда оларды іздеу жұмыстарымен «Atamnynamanaty» қоғамдық бірлестігі айналысады. 5 айдың өзінде сайтқа 400-ден аса өтініш келіп түскен, соның ішінде 46 сарбаздың жерленген жері анықталды. 1 жауынгердің сүйегі Қазақстанға әкелініп, қайта жерленді.
«Қазақстан аруы-2020» байқауына тіркелу басталды. Оған жасы 18 бен 25 жас аралығындағы балқаштық сұлуларда қатыса алады. Егер бойыңыз 170-тен жоғары, көркіңізге ақылыңыз сай болса онда бағыңызды сынап көріңіз. Айта кету керек, тұрмыста болмаған Қазақстан азаматшалары ғана байқауға қатысуға жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін 29 қарашаға дейін missqazaqstan.kz сайтында өтініш толтыру қажет. Іріктеу кезеңі желтоқсан айында басталады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login