Балқашта жыл басынан бері 13 адамнан ВИЧ инфекциясы анықталған. Жазылмас дертке шалдыққандардың көбісі ерлер. 2019- жылдың 10 айында 9 мың адам вич инфекциясына анализ тапсырған. Соның 13-де қорытынды оң нәтиже көрсеткен. Оның ішінде бір шетелдік бар, қалғаны балқаш тұрғындары. 9 ер адам, 4 әйел. Орташа жас шамасы 30 бен 39 жас. Ең жасы 20-29 аралығында. 60 асқандар да бар. Егде жастағы қарт операцияға дайындық кезінде вичке анализ тапсырып, өзінің жазылмас ауыруға шалдыққанан білген. 9 жағдайда нашақорлар инъекциялық жол арқылы бір біріне тарақтан. Қалған жағдайда жыныстық қатынас арқылы жұққан. Егер былтырғы жылмен биылғы жылды салыстырсақ онда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 2 адамға артып отыр. Дүниежүзілік ЖИТСке қарсы күрес күніне орай 18 қарашадан бастап қалалық СПИД орталығында ашық есік күн өтеді
2 айдың ішінде медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына Қарағанды облысының тұрғындарынан 300 қоңырау келіп түскен. 1406 нөмері 1 қыркүйектен бастап іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде елдің көбісін өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар МӘМС қатысушысы бола ала ма? Кімдер жарна төлеуден босатылған? Статусты тексерген кезде «сақтандырылмаған» болса не істеу қажет, деген сауалдар толғандырған. Одан өзге байланыс орталығына арқылы бірнеше адам қоңырау шалып, медициналық ұйымдар мен дәрігерлердің үстінен арыз түсірген. Барлық факт бойынша тексеріс жүргізілді. Медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығы 1406
Балқашта жоғары сынып оқушылары латын графикасында диктант жазды. Тілдер орталығында балалардың сауаттылығы тексерілді. Диктантқа әр мектептен 2 оқушыдан барлығы 24 бала шақырылған. Олар бақылау жұмысын аудио жазба бойынша жазды. Ол үшін 25 минут уақыт берілді. Ал өзге жоғары сынып оқушылары латын графикасына негізделген диктантты мектепте жазды. Кейін тілдер орталығының мұғалімдері диктантты тексеріп, бағасын шығарды. Ұйымдастырушылар бақылау жұмысын қатесіз жазып шыққан ұл мен қыздарды марапаттауды ұмытпады. 9 оқушы диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Жас ұрпақтың сауаттылығын арттыруға бағытталған шара соңы флешмобқа ұласты. Топтық биге 8 бен 9 сынып оқушыларынан құралған 100 бала қатысты
Балқаштың тарих пәні ұстаздары ғалым, тарихшы, сәкентанушы Марат Абсеметовпен кездесті. Профессор Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойына орай Балқашқа арнайы шақыртылған. Кездесу №15 мектеп-лицейінде өтті. Марат Әбсеметов-ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты. Қазіргі таңда ғалымның 20 -ға жуық еңбектері бар. Кейбірі ағылшын, испан тілдеріне аударылған. Кездесуде «Кенесары ханның бас батыры — Шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай» туралы шежірісін Балқаш қаласының мемлекеттік архивіне сыйға тартты
«Искандер1» баскетбол құрамасы әуесқой командалар арасында үздік атанды. 2 қарашада басталған ашық қала біріншілігі кеше өз мәресіне жетті. Биылғы жарыста 5 команда бақ сынады. Олар: «EFK», «Искандер», «Искандер 2», «Қазақмыс Смэлтинг» және балалар жасөспірімдер спорт мектебінің екі командасы. Ойын айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Жартылай финалда 4 команда өзара сынға түсті. Жартылай финалда «Искандер2» мен «Қазақмыс Смэлтинг» кездесті. Зауыт жұмыскерлері бұл ойында 75:68 жеңіліп, үшінші жүлделі орын «Искандер 2» бұйырды. Ал финалдық кезеңде «Искандер1» мен «EFK» құрамасы бірінші орынға таласты. Нәтижесінде 75:63 ұпайымен «Искандер1» командасы чемпион атанды. «Ең үздік ойыншыда» осы командадан табылды, ол Валерий Никитин. Турнир жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен, медаль, грамоталармен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login