Ауа-райындағы өзгеріс Балқаш маңындағы жол көлік оқиғасына себеп болды. Көктайғақ мұздың кесірінен Бектау-Ата маңында көлік аударылды. Апат Алматы-Екатеринбург тас жолының 680-ші шақырымында болған. Балқаштан Қарағандыға қарай 47 шақырым жерде, түнгі сағат 12 шамасында Хонда көлігі аударылды. Оқиға орнына тас жолының бойындағы «Балқаш» медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері барған, Олар 39 жастағы көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет болмады
Балқаштықтардың электр қуаты үшін қарызы 60 млн-нан асқан. Мұндай үлкен соманы олар «Қазэнергоцентр» ЖШС-не төлеулері қажет. Кезекті рейд жеке сот орындаушысымен бірге жүргізілді. Мекеме өкілдері борышкерлерімен күресудің түрлі амалдарын жасауда. «Қазэнергоцентр» қызметкерлері кезекті рейдке жеке сот орындаушысымен бірге шықты. Берешек пәтер иесіне хаттама толтырып, дүние-мүлкін тәркілеуде.Осы жылы 2000-ға жуық тұрғын коммуналдық шығын ақысын төлемегені үшін соттасқан. Басым бөлігі қарызын өтеу үшін мүлкінен айырылған. Бүгінде борышкерлер жауапты мекемеге 60 млн-нан аса қарыз. Бұл сома 2016 жылдан бері жиналып отыр.Борышкерлердің тізіміне кірмес үшін әр айдың 25 нен қалдырмай жарық ақысын төлеу қажет. Коммуналдық төлем жүйесі Қазбекова, 19 А мекенжайында және бұрынғы қазынашылық орталығында орналасқан. Не болмаса терминал арқылы «Касса 24» онлайн жүйесімен төлем жасауға болады
Балқаштық тұрғындар ыстық судың сапасына наразы. Құбырдан лас су аққан. Әлеуметтік желілерде ыстық лас су туралы ақпарат пайда бола бастаған. Қала тұрғыны 1 түн бойы тегенеде тұрған судың түбінде пайда болған тұнбасы бар суретті жариялаған. Бұл қаламыздағы 1 ғана үйдегі мәселе емес екені белгілі. Оған себеп, тұрғындардың әлеуметтік желіге қалдырған пікірлері. Тұрғындардың үйіндегі шүмектен ағып жатқан лас судың себебін «Су Жылу Транс» мамандары түсіндірді. Олардың айтуынша, бұл мәселенің пайда болуына жылу жүйесінде жиі болатын апат себеп болатын көрінеді. Құбырды ауыстырған кезде жылу жүйесіне кір мен құм кіреді. Бұның барлығын жуу үшін бірнеше апта уақыт қажет
ТЖ туындау қаупі кезінде не істейміз? Бұл медициналық колледжде өткен эвакуациялау жұмыстарында пысықталды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері «Қыс-2019» оқу-жаттығу өткізді. Сценарий бойынша Балқашқа жақын маңдағы тас жол қар құрсауында қалған. Жолда автобуста қалып қойған адамдарды нөмері 5-ші эвакуакциялық пунктіне, яғни медициналық колледжіне көшіреді. Төтенше жағдайлар мамандары мен әкім орынбасары оқытушылар мен студенттердің іс әрекетін бақылады. Алдымен келген адамдарды тіркеуден өткізеді. Балалы әйелдерді арнайы әзірленген бөлмелерге жібереді. Ал зардап шеккендерді медициналық пунктіге, өзгесін қорғау құралдарын алуға жібереді. Газтұтқышты қалай кию қажет, бұл шеберлік сағатында көрсетілді. Артынша адамдар легін эвакуациялауға жібереді. Оларды қауіпсіз жерге көшіруге қанша автобус пен жанармай керегін формула бойынша санайды. Барлық қызмет тиісінше көрсетілді. Адамдар дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп, оқу-жаттығу ойдағыдай өтті. Қалада білім ошақтарында оналасқан 12 эвакуациялық жинақ пункті бар. Барлығы да төтенше жағдайларға сақадай сай
Күз мезгілінің алғашқы айынан бастап Балқаштан 50-ге жуық адам әскерге жіберілген. Жыл соңына дейін қарулы күштер қатарын 100 адам толықтырмақ. Деседе, Отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар да бар. Аталған факт бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Әскерге шақыртылғандарды Отан алдында қызмет етуге көндіру үшін қарулы күштердің ардагері Александр Трохин мен Ауғанстан соғысының қатысушысы Бауыржан Мұхамедиев шақыртылды. Олар болашақ солдат әңгіме жүргізіп, өздерінің қол жеткізген жетістіктерін айтып, жастарға берілетін жаңа мүмкіндіктерді түсіндірді. Қазақстанда күзгі шақырту 1 қыркүйек күні басталды. Жыл соңына дейін әскер қатарын 150 балқаштық толтырмақ. Қазірдің өзінде 50-ге жуығы қызметке жіберілген. Олардың 12-сі шекара күзетшілері, ал 36-сы қорғаныс министрлігінің әскері, ендігі кезекте оның қатарын 30 адам толықтырады. 20 қарашадан бастап Ұлттық Ұланға қабылдау басталады, оған 60 балқаштық жіберілмек. 30 желтоқсан күні Қостанай қаласына биылғы жылғы соңғы жөнелтім болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login