Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай 125 түп терек отырғызылды

Ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай ақынның есімімен аталған №7 мектеп гимназиясының маңына 125 түп терек отырғызылды.  Тал егу шарасына Қазақмыс корпорациясы және «Экосфера» үкіметтік емес ұйымы демеушілік көрсеткен. Ал 100 ден аса көшетті отырғызуға мектеп түлектері, оқушылар, ата-аналар, қала жастары және «Үркер»  қауымдастығы атсалысты.  Қатып қалған жерді қопсытып, оны қара топырақпен құнарландыруға «Зеленстрой» мамандары көмектесті. Енді жас талдарды күтіп баптау  мектеп ұжымының міндеті.

Жанғали Амантай-Жастар ресурстық орталығының директоры: «Осы талдардың өмір сүру ұзақтығы көп болсын деп, біз жаңағы жердің құнарлығын арттырып осы қаламыздың «Зеленстрой» мамандарымен бірлесіп үлкен жұмыс атқардық. Алдағы уақытта мұндай іс шаралар жалғасын табады деп ойлаймыз

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login