Жұрт тура үйдің жанында орналасқан терең шұңқырға әсіресе балалар түсіп кете ма деп алаңдайды. Ал жауапты мекемелер болса бізге қарамайды деп, жауапкершілікті бір біріне сілтеуде.
Сәбитова мөлтек ауданындағы 31 үй тұрғыны Айдос Көкеев бұл жермен күнде өтеді. Айтуынша осыдан екі ай бұрын құдықтың жан жағы опырылып, қақпағы жабылмай қалған. Ал бұл тұспен әсіресе балалар көп жүреді. Қараңғы уақытта көрмей, құлап кетулері мүмкін, деп қауіптенеді. Содан оны дұрыстап жабу үшін жауапты коммуналдық мекемелерге талай барған.
Айдос Көкеев – қала тұрғыны: «Мен бұны КСК «Карина», «Балқаш Телекомға» да, «Балқаш универсалға» да, «Балқаш Суға» да хабарластым. Ешқайсы құлақ аспады. Екі айдан асты ашық жатқанына. Мына жерде балаларымыз сабаққа барады, жүреді екі домның ортасында. Соны алаңдаймыз да балаларға
Анықталғандай бұл құдық ағын суды жинауға арналған. Әжептәуір терең 2, 5 метр. Негізінен оған көпқабатты үйге қызмет көрсететін КСК жауапты. Алайда құдық 31 мен 29 үйдің арасында орналасқан. Ал, үйлердің бірі «Каринаға», екіншісі «Балқаш Универсалға» қарайды. Алайда бұл КСК лардың ешқайсы жауапкершілікті өз мойындарына алмай отыр. Деседе, Балақаш Су» мекемесі тұрғындарға «көмектесуге уәде етті.
Абзал Ақсанов – «Балқаш Су» КММ бөлім басшысы: «Аталған құдық «Балқаш Су» мекемесінің иелігіне қарамайды. Бірақ осы жолға осы құдықты жасап береміз. Бірақ, алдағы уақытта құдыққа қарау сол үйге қызмет көрсететін мекеменің жұмысы»
Жалпы қаламыздағы 13 мыңға жуық дренаж және кәріз құдығы «Балқаш» су мекемесінің иелігінде. Соның ішінде жыл басынан бері 250 құдықтың қақпағы жаңасына ауыстырылған. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасады. Балқаштықтар ашық жатқан құдықтар жайлы 5-10-45, 41665 нөмірі арқылы хабарлай алады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login