Қарағанды облысында биыл кісі өлтіру, алаяқтық, балаларды жыныстық қатынасқа иетермелеу сынды қылмыс саны өскен. Бұл туралы құқық қорғау органдарының басын қосқан үйлестіру кеңесінде айтылды. Өткен жылмен былтырғы жылдың статистикасына тоқталсақ. 2019 жылы денсаулыққа ауыр зиян келтіруге қатысты 215 факт факт тіркелген. Бұл 2018 бен салыстырғанда 25 іске көп. Оның ішінде арты өліммен аяқталған оқиғалар саны 42-ден 48-ге өскен. Өткен жылы 1600-ге жуық алаяқтық жасалса, биыл 1700-ге жеткен. Әсіресе кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу көбейген. Алдыңғы жылы 53 осы жылы 71 бала зардап шеккен. Қайта жасалған қылмыстардың саны екі есегекөбейген. 630-дан 1359-ға дейін, Оның ішінде рецидивистер жасаған қылмыстардың саны 47%-ғаартқан. Мал ұрлығы да жиілеген. 156-дан 198-ге дейін өскен
Сәбитова мөлтек ауданының тұрғындары ашық жатқан құдықты жаптыра алмай жүр. Жұрт тура үйдің жанында орналасқан терең шұңқырға әсіресе балалар түсіп кете ма деп алаңдайды. Ал жауапты мекемелер болса бізге қарамайды деп, жауапкершілікті бір-біріне сілтеуде. Сәбитова мөлтек ауданындағы 31 үй тұрғыны Айдос Көкеев бұл жермен күнде өтеді. Айтуынша осыдан екі ай бұрын құдықтың жан жағы опырылып, қақпағы жабылмай қалған. Ал бұл тұспен әсіресе балалар көп жүреді. Қараңғы уақытта көрмей, құлап кетулері мүмкін, деп қауіптенеді. Содан оны дұрыстап жабу үшін жауапты коммуналдық мекемелерге талай барған. Анықталғандай бұл құдық ағын суды жинауға арналған. Әжептәуір терең 2, 5 метр. Негізінен оған көпқабатты үйге қызмет көрсететін КСК жауапты. Алайда құдық 31 мен 29 үйдің арасында орналасқан. Ал үйлердің бірі Каринаға, екіншісі Балқаш Универсалға қарайды. Алайда бұл КСК лардың ешқайсы жауапкершілікті өз мойындарына алмай отыр. Деседе, Балақаш су» мекемесі тұрғындарға «көмектесуге уәде етті. Жалпы қаламыздағы 13 мыңға жуық дренаж және кәріз құдығы «Балқаш» су мекемесінің иелігінде. Соның ішінде жыл басынан бері 250 құдықтың қақпағы жаңасына ауыстырылған. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасады. Балқаштықтар ашық жатқан құдықтар жайлы 5-10-45, 41665 нөмірі арқылы хабарлай алады
Балқаштық оқушылар домбырада үздік шығармаларды орындады.Өнер мектебінде қалалық домбырашылар фестивалі өтті. Жас орындаушылардың өнерін тамашалауға ата-аналар, ардагерлер мен ұстаздар жиналды. Қонақтарға оқушылар сарайының 20 дан астам шәкірті «Сайра, бұлбұл», «Толғау», «Сарыарқа» сынды 15 ке жуық күйді тарту етті. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Концерт соңы республикалық сайыстан жүлделі орын алған шәкірттерді ұлықтау рәсіміне ұласты. Музыкалық сайыстан домбырашылар түрлі дәрежелдегі 10 медальмен оралған.Сайыс Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 100 ге жуық 10 мен 18 жас аралығындағы домбырашылар қатысты.Балқаштың атынан өнер мектебінің 10 тәлімгері өнер көрсетті. Олар 3 бас жүлде, төрт бірінші, екі күміс пен бір қоланы иемденді
Балқаштық ұстаздар арасында волейболдан өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Мектеп мұғалімдері және спорттық кешен жаттықтырушылары өзара сынға түсті. Бұл жарыста кім чемпион атанды. Оқушылар сарайының спорт залында ұстаздар арасындағы спартакиаданың алғашқы ойыны өтуде. Алаңда оқытушылар, жаттықтырушылар, есепшілерден құралған БЖСМ мен политехникалық колледж командасы. Үш партияның қорытындысы бойынша 2:1 спорт мектебі жеңіске жетті. Жарысқа мектеп, колледж және спорттық мекемелерден 15 команда қатысты. Олар 4 топқа бөлініп №16 және оқушылар сарайында ойнады. Нәтижесінде әр топтан суырылып алға шыққан командалар финалда жолықты. Чемпион атағына жаттықтырушылар мен мұғалімдер таласты. №6 мектеп пен БЖСМ ойыншылары әр ұпай үшін жан беріп, жан алысты. Деседе алғашқы екі партияда мектеп ұстаздары жеңіске жетіп, чемпион атанды. БЖСМ биыл екінші жыл екінші орында. Ал 17 мектеп 15 лицей командасын ұтып, үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлер кубокпен және ақшалай сыймен марапатталды
Балқаштық палуандар Номад ММА-ден Азия чемпионы атанды.Қарағанды қаласында өткен турнирде олар Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, команда қоржынын 5 медальмен толтырды. Азия чемпионы атағын иелену үшін әлемнің 12 елінен 600 ден астам спортшы жиналған. Жарыс нәтижиесі бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Ресей, үшінші орынды Пәкістан құрамасы иеленді.Балқаштық спортшылар ел қоржынын 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықтырды. 25 келіде сегіз жастағы Равиль Тоняев пен 28 келі салмақтағы он жасар Анзор Алиев чемпион атанса, 14-15 жастағы жасөспірімдер арасында Роман Нигматуллин екінші орынды иеленді. Ал, Максим Дюсюпов пен Радион Лукьянчук үшінші орыннан көрінді. Алда жеңімпаздарды Әлем чемпионатына іріктеу жарыстары күтіп тұр
Күз көңілге сағыныш сылайтын жыл мезгілі. Жаздың ыстық күндерінен кейін ауа райы суып, күн бұлттанып, күңіренген кезде көңіл күй түсіп, ештеңе істеуге құлқың болмайтын кездер жиі кездеседі. Бұл күзгі депрессия деп аталады. Ал онымен қалай күресу қажет? Қандай жолдары бар, оның біз бүгін тұрғындардан сұрап білдік.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login