Балқаш жаңалықтары 28.10.2019

  1. Жұмысшылар кентінде монша өртке оранды. Оқиға 26 қазан күні кешкі бестер шамасында 8 март көшесінде болды. Қызыл жалын моншаның ішкі бөлігінен, жуынатын бөлмеден шыққан. Жалынның жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге 2 көлік пен 10 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Монша тұрғын үйден алшақ орналасқандықтан, жанындағы нысандар аман
  2. Жыл басынан бері 120 балқаштықтан рак ауруы анықталған.  Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға аз. Ал осы дерттен көз жұмғандар саны 10 пайызға төмендеген. Ауруды дер кезінде анықтап,  емді уақытында жүрігзу үшін дәрігерлер жаппай ұстаздарды тексеруде. Ол үшін оқу орнына барып,  сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері мен қандай өзгерістерге назар аудару керектігін түсіндіруде. Бірінші орында сүт безінің қатерлі ісігі. 20 әйелде анықталған. Екінші орында өкпе рагы. 18 адам шалдыққан. Үшінші орында тері рагы. Бұл дертке 13 балқаштық шалдыққан
  3. 5 жасар Ислам Тұрсынның еміне балқаштықтар 130 мың теңге жинап берді. Туғанынан қос жанары көрмейтін балақай 7-ші отасына дайындалуда. Исламның еміне қаржы жинау мақсатында оқушылар сарайында қайырымдылық кеші өтті. 5 жасар Ислам Тұрсынның дүние есігін ашқалы көзі көрмейді. Ал ата-анасы оны баласына 9 ай толғанда барып бірақ біледі. Содан бері балақайға 6 рет ота жасалған. Нәтижесінде көру қабілетінің тек 10  пайызы қалпына келген. Ата анасы Исламды қараша айында  Санкт-петербург қаласына апарып, тағы бір ота жасатпақ. Қайырымдылық кешінен оның еміне 130 мың тг қаражат жиналды
  4. Қарағандыда биыл шілде айында ғана ашылған «YDD Corporation» зауыты шетел нарығына 5 мың тоннадан астам ферросилиций экспорттады. Кәсіпорын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша бәйтерек холдингінің еншілесі Қазақстанның даму банкінің қолдауымен салынған. Зауыт қысқа уақытта 1 жыл 11 айда салынған. Құрылыс барысында бүкіл өндіріске әлемнің ең жаңа технологиялары қолданылған. Шикізатты жинау, тасымалдау, дайын өнімді алуға қажетті қоспаларды мөлшерлеу, үгіту процестерінің барлығы арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Бүгінде кәсіпорын жоғарғы көрсеткіштерге жеткен. 5 мың тоннадан астам ферросилицийді алыс жақын шетелге экспорттады. Өндірісте отандық өнімнің үлесі 9444 пайыздан асады, көмір, квартит, акалин секілді шикізаттар қазақстандық кәсіпорындардан ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде алынады. Қазақстанның Даму Банкі жобаны сараптау кезінде осының барлығын ескерген. Қаржы институты зауыт құрылысына 24 ммлрд теңгеден астам несие берген. Мұнда жас мамандарды үйретіп, оларды дамытуға көңіл бөлінеді. Мәселен, пештерді басқару орталығының жұмысы солардың мойнында. Зауытта ауаны 99,8 пайызға дейін тазартатын газ тазарту жүйесі орнатылған. Ол өндіріс шаңын қалдықтан микрокремнизиумге айналдырады. Бұл қоспа цемент, бетон секілді құрылыс материалдарын жоғарғы сапада шығаруға пайдаланылады
  5. Балқаш көліне 60 мыңнан аса карп балығы  жіберілді. Шабақтар Қарағандыда арнайы питомникте өсірілген. Оны Балқашқа балық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар жеткізді. Олардың саны қала бойынша алтау. Шабақтар салмағы 23 грамм ал ұзындығы 7-8см. Суға жіберу барысын арнайы комиссия мүшелері бақылайды. Олар бұл үрдістің қатесіз орындалуын қадағалайды. Қарағанды облысы бойынша Балқаш көлінде балық аулайтын 6 ірі кәсіпорын бар. Олардың әрқайсына бірнеше аймақ бектіліп берілген. Осы күзде кәсіпкерлер 60 мыңнан аса карп балығын көлге жіберді. Бұл шара кәсіпкерлер есебінен жылына бір рет жүргізіледі. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша жақында Қарағанды облысының аймағына  тағы бір жарым млн шабақ жіберу жоспарлануда
  6. Балқашта Манарбек Ержанов атындағы «Сайра, бұлбұл!» атты аймақтық дәстүрлі ән байқауы өтті. Оған Қарағанды, Балқаш, Шет пен Ақтоғай аудандарының 16 өнерпазы қатысты. Байқау шарты бойынша әр қатысушы Манарбектің шығармашылығынан бір ән және еркін тақырыптағы кез келген дәстүрлі әнді орындады. 84 жастағы  қала тұрғыны Мәден Ноғайбекұлы бұл жарыстың ең көнекөз қатысушысы. Күйші, әнші әрі ұстаз талай байқауда топ жарған. Бұл сайысқа да үлкен дайындықпен келіпті. Ақсақал Манарбек Ержановтың «Сайра, бұлбұлы»  мен Шашубай  Қошқарбаевтың «Ақ қайың»  орындамақ. Байқауда Манарбек Ержановтың шығармашылығынан бөлек  Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Ақан Сері, Сәкен Сейфуллин мен  Шашубай Қошқарбаевтың әндері орындалды. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлде Қарағанды қаласы Тәттімбет колледжінің студенті Мадияр Өмірғалыға бұйырды. Ал, арнайы сыйлық көнекөз қария Мәден Ноғайбекұлына берілді. Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды
  7. Балқашта Қазбекова көшесінің № 2 үй тұрғындары өз еріктерімен сенбілікке шықты. Себебі балалар алаңы күл қоқысқа толып, ішімдік ішіп, шылым шегетін тұрғындардың жиналатын орнына айналған. Тіпті бүлдіршіндер сырғанап ойнайтын кешенді сындырып кеткен. Сондықтан үй тұрғындары әкімшілікке барып, шағымдарын жеткізеді. Олардың сөзіне құлақ асқан қала әкімі бұл жерге арнайы келіп, ауланың жағдайымен танысқан. Содан тұрғындарға сенбілік жасауға «Горкомхоз» мекемесі 1 жүк көлігін, «Зеленстрой» компаниясы электрлы ара берген. Техниканың көмегімен тұрғындар  ауланы күл қоқыстан тазартып, өсімін тоқтатқан бұталарды кесті. Ал сынған мүлікті шаһар басшысы  келесі жылы қалпына келтіруге уәде етті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login