Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған сайыс өтті

Қазақтың біртуар перзенті, ақын Сәкен Сейфуллиннің туылғанына биыл 125 жыл толды. Мерейлі мерейтойға орай балқаштық оқушылар мен студенттер өлең оқып жарысты. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде өр тұлғалы ақынға арналған арнау өлеңдер оқылды. Ал екіншісінде сайыскерлер Сәкен Сейфуллиннің әндерін орындады.

Бірінші айналымның тапсырмасы – өз шығармашылығын оқу. Басты шарт арнау дала дауылпазы Сәкен Сейфуллинге арналуы тиіс. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы оқушылар мен студенттердің жыр шумақтарында  өлең боп өрілді.

Сәкен Сейфуллиннің авторлық шығармасын оқу – 2 кезең шарты.  10 сынып оқушысы Адай Мағаз Сәкен ақынның бейнесіне енген. Қатысушы көрсетілімін қойылымнан бастады. Сценарий бойынша Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров Сәкенге ән айтуға қолқа салады.

Әдеби конкурсқа 15 пен 25 жас аралығындағы 12 адам қатысты. Оларды газет редакторлары мен тілдер орталығының өкілдері бағалады. Ақынға арнау кезеңінде №2 лицей оқушысы Нұрзат Тоғайбай үздік атады. Ақын өлеңін оқуда №16 мектеп қатысушысы Салтанат Кеңес 1 орынға ие болды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login