Қарағанды облысында биыл 20 адам өндірісте қаза болған. Мұндай қайғылы статистиканы облыстық прокуратура жариялап отыр. Қадағалаушы органның мәліметінше 2 жылда 2018 және 2019 жылдары өндірісте жарақат алуға қатысты 405 факт тіркелген. Оның 300-ге жуығы өткен жылы болса, осы жылы 120 жағдай. Екі жылда 58 жұмыскер көз жұмған. Былтыр мерт болғандар саны 38 адама жетсе, биыл 20 азамат қаза тапты. Алайда 2018 және 2019 жылдары тіркелген 405 факттың тек 2 пайызы яғни 7 іс қана сотқа жолданған. Прокуратуралық тексеріс кезінде мерзімі өткен қондырғыларда жұмыс істеу, қауіпсіздік ережесінің сақталмауы, еңбек инспекциясының жазатайым оқиғалар себептерін дұрыс тексермеуі секілді түрлі құқық бұзушылықтар анықталған
Латын әліпбиінің емлесі алдағы уақытта тағыда өзгереді. Себебі соңғы мақұлданған емледе кемшіліктер бар. Бұл мәселемен қазір орфографиялық комиссия айналысып жатыр. Әсіресе елдің ойын екіге жарып тұрған мәселе — диграф әріптер жайы. Қазақ әліпбиінде екі диграф әріп бар. Ш мен Ч. Халықтың басым бөлігі осы әріптердің бір-біріне қатты ұқсастығынан шатасатын көрінеді. Оны сауалнама жүргізу барысында анықтаған. 3000 мыңнан астам адам қатысқан сауалнамада «схема» сөзін қатысушылардың басым бөлігі «шема» деп оқыған. Бұндай шатасу И мен І әріптерінде де кездескен. Кейбір әріптер ЮНИКОД стандарттарына сәйкес келмейтін болып шықты. Ал ғалымдар болса латын әліпбиі 90 пайызға дайын деп отыр. Деседе Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алдағы уақытта латын графикасы тағы да толықтырылады. Қай әріптер қалады, қайсы өзгереді оны арнайы комиссия шешеді
Бүгін балқаштықтар қан тапсырып, игі іс жасады. Қаламызда донор күні өтті. Арнайы келген облыстық қан орталығынан мамандары таңғы 10 нан бастап 4 ке дейін қала тұрғындарын қабылдады. Қан тапсырардан бұрын донорлар алдымен терапевке қаралады. Одан кейін мамандар олардың қан тобын, резус-фокторын және қанды инфекция мен майлылыққа тексереді. Анализ қорытындысы дайын болған соң, әр донордан 450 миллилитр сұйықтық алынады. 1 күннің ішінде 97 балқаштық донор болды. Тұрғындар облыстық қан орталығына 44 литр қан жіберді. Ал игі іске атсалысқандарға жұмыстан екі күнге босату туралы анықтама және 600 теңгеден астам ақша берілді
Қазақтың біртуар перзенті, ақын Сәкен Сейфуллиннің туылғанына биыл 125 жыл толды. Мерейлі мерейтойға орай балқаштық оқушылар мен студенттер өлең оқып жарысты. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде өр тұлғалы ақынға арналған арнау өлеңдер оқылды. Ал екіншісінде сайыскерлер Сәкен Сейфуллиннің әндерін орындады. Бірінші айналымның тапсырмасы – өз шығармашылығын оқу. Басты шарт арнау дала дауылпазы Сәкен Сейфуллинге арналуы тиіс. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы оқушылар мен студенттердің жыр шумақтарында өлең боп өрілді. Сәкен Сейфуллиннің авторлық шығармасын оқу – 2 кезең шарты. 10 сынып оқушысы Адай Мағаз Сәкен ақынның бейнесіне енген. Қатысушы көрсетілімін қойылымнан бастады. Сценарий бойынша Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров Сәкенге ән айтуға қолқа салады. Әдеби конкурсқа 15 пен 25 жас аралығындағы 12 адам қатысты. Оларды газет редакторлары мен тілдер орталығының өкілдері бағалады. Ақынға арнау кезеңінде №2 лицей оқушысы Нұрзат Тоғайбай үздік атады. Ақын өлеңін оқуда 16 мектеп қатысушысы Салтанат Кеңес 1 орынға ие болды
Қазақстандықтарға кешкі сегізден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін. Бұндай өзгерісті денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отыр. Ал, бүгінде заң бойынша тұрғындар түнгі 11 ден таңғы 6-ға дейін ғана тыныштық сақтаулары қажет. Ал жаңа өзгеріске ел қалай қарайды? Кешкі 8-ден бастап шуламауға дайын ба? Балқаш тұрғындарының пікірін сауалнамадан тыңдайық
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login