Балқаш жаңалықтары 22.10.2019

  1. Балқаштық полиция қызметкерлері 2 күннің өзінде 40-қа жуық тәртіп бұзушылықты анықтады. Қаламызда «Қауіпсіз жол» акциясы өтуде. 27 қазанға дейін құқық қорғаушылар күшейтілген режимде, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібін қадағалайды. Бүгін полиция қызметкерлері қоғам өкілдерімен бірлесіп жол ережесін еске салатын  үнпарақтар таратты. Деседе 2 күннің өзінде Балқаштың көшелерінен 40-қа жуық тәртіп бұзушылық анықталған. Жүргізушілер қауіпсіздік белдігін тақпаған, ұялы телефонмен сөйлесіп, маневрді дұрыс аяқтамаған, біреуі болса мас күйінде рөлге отырған. Ал жаяу жүргіншілер тиісті емес жермен жолды кесіп өткен. Тәртіп бұзушылардың барлығына 12-25 мың теңге көлемінде  айыппұл салынды
  2. Балқашта 1 сынып оқушыларына туберкулезге қарсы вакцина салу басталды. Препаратқа жүргізілген қосымша тексерулерге байланысты биыл екпе жылдағыдан кеш салынуда. Жұқпалы аурудың алдын алатын екпе бұл жолы 1300 балаға егіледі
  3. Балқаштық ата-аналар 1 қарашаға дейін балабақша кезегін растаулары қажет. Себебі күздің соңғы айынан бастап сайтта тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ол балабақаша кезегінде тұрған сәбилерді іріктеу үшін жасалады.  Егер балаңыз әлі бөбекжайға бармаған болса онда 1 қарашаға дейін indigo24.kz сайтындағы сауалнаманы толтырып,  балабақша кезегінде тұрғаныңызды растау қажет. Әйтепесе сәби тізімнен алынады. Ал қайта кезекке тұрғызу  үшін қажетті құжаттармен Балқаш қалалық білім бөліміне баруға тура келеді. Алайда білім бөліміне бір жыл ішінде жүгіну қажет. Өйтпеген жағдайда бүлдіршін орнын мүлдем жоғалтады
  4. Енді қазақстандықтар  өз атына қанша нөмір тіркелгенін тексере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Ол үшін imei.rfs.gov.kz сайтына өтіп, өз ЖСН-іңізді жазсаңыз жеткілікті. Жүйе тіркелген нөмірлердің санын және қандай ұялы оператор екенін де көрсетіп береді. Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлері тіркелгенін анықтаса онда сол ұялы байланыс операторының кеңсесіне барып, өзге нөмірді өз атынан алып тастауын талап ете алады
  5. Балқашта жаңа жолаушылар тасымалдау қызметі пайда болды. Регион таксиі қазір еліміздің 20 қаласында жұмыс істейді. Енді бұл фирманың қызметін балқаштықтар да пайдалана алады. Қазіргі таңда елді қалаған нүктесіне апару үшін  қаламызға 20 көлік әкелінді. «Регион» такси қызметі еліміздің 18 қаласында жұмыс істейді. Балқаш тізімдегі соңғы 19 қала. Қазір қалада жолаушыларды тасымалдауға арналған 20 көлік бар. Шақыру құны 250 тг. 3 км жерге дейін тегін апарады. Әрі қарай есептегіш қосылады. Әр км 65 тг. «Регион» таксиын батырманы басу арқылы бірден шақыртуға болады. Жүргізушілер мен жолаушылар үшін арнайы мобилдік қосымша іске қосылған. Бағдарлама арқылы жеке автомобилі бар қала тұрғындарын да жұмысқа қабылдайды. Ол үшін қосымшаға тіркеліп, модерациядан өту қажет. Ал такси қызметінің нөмері 6 00 00 және  8 708 990 00 00

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login