«Өркен Медиа» телеарнасында жаңа жоба. «Жас өркен» деген атаумен балалар бағдарламасы көрерменге жол тартты. Жобаның алғашқы саны мұғалімдер күніне арналды. Онда ұстаз болуды алдына мақсат қойған оқушы осы мамандыққа деген құштарлығымен бөлісіп, көрерменге гобилен тоқуды үйретті. Бағдарлама «Қонақпен сұхбат», «Бала тілі — бал», «Бірге үйренейік» деп аталатын 3 айдардан тұрады. Студияға қонақ ретінде білім, ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен оқушылар шақырылады. Ал тілі былдырлаған балғындар қарапайым сауалдарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді. Соңында шақырылған қонақ жасап шығарған дүниесін елге көрсетіп, оның жасалу жолдарын көрсетеді.
Бағдарламаның келесі санында ескі алаңды абаттандыру жобасын ойлап тапқан №17 мектеп лицей оқушысы қонаққа келеді. Қызықты сұхбатты ертең сағат 19:30-да көріңіздер. Жоба әр жұма сайын эфирге шығады. Сенбі, жексенбі күндері дәл осы уақытта қайталап көре аласыздар.
Айдана Несіпбай «Жас өркен» бағдарламасының авторы: «Жас өркен» бағдарламасына балабақша және мектеп оқушылары қатыса алады. Жас болса да белгілі бір салада жетістікке жеткен балаларды елге үлгі ретінде көрсеткіміз келеді. Әрі осы бағдарламаны түсіру барысында оқушыларға өзін жүргізуші ретінде сынап көруге мүмкіндік береміз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login