Әр ай сайын далада отырып тұрғындар сұрағына жауап беретін полицейлерге осынша адам жүгінген. Атап айтқанда 50 тұрғын әкімшілік айыппұлға қатысты ақпарат алса, 40 балқаштық жүргізуші куәлігін алу, ауыстырудың жолын сұраған. Ал 10 азамат көлікті бензиннен газға алмастырудың ережесін білуге келген. Мұндай акцияны полицейлер алдағы жұма және сенбі күндері тағы өткізеді. Тек бұл жолы тұрғындарды бұрынғыдай Желтоқсан көшесінің бойында емес «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қабылдайды. Таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.
Қайырбек Рахымбеков – Балқаш қаласының полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары: «Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізу жоспарлануда. Бұл акцияның басты мақсаты — полицияның азаматтармен тікелей байланысын ұйымдастыру, халыққа кері байланысты қамтамасыз ету, консультативтік құқықты қолдану, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел шешу. Жолда қабылдау орны «Нұр Отан» партиясы, Сәбитова мөлтек ауданы, 18 үйде болады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login