Балқашта немерелері әжесін іздестіруде. 82 жастағы қала тұрғыны үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Туыстары Орынтай Абижанованы 12 қазаннан бері көрмеген. Немерелерінің айтуынша зейнеткер жалғыз тұрған. Ерекше белгілері: бойы 150 см, арық денелі, шашы қысқа, жасыл-қоңыр көзді. Сол көзінің астында тыртығы бар, бүкірейіп жүреді. Сол күні үстінде жасыл-қара күртеше, басында қызыл гүлді жасыл түсті орамал болған. Қара түсті велюрден тігілген спорттық шалбар және ақшыл түсті жаздық аяқ киім киген. Егерде Орынтай Абижанова туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 102, 8 705 326 86 98; 8 777 586 39 45; 8 702 365 12 22 телефон номерлеріне хабарласыңыздар
19 қазан — төтенше жағдай қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында қалалық Нұр Отан партиясы ғимаратында сала үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға құтқару қызметінде еңбек етіп жүрген қызметкерлер жиналды. Құттықтаудан соң кезек марапаттауға келді. Қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін 3 дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісі қарауыл басшысы Дәулет Далбаевқа табысталды. Президенттің «Өрт сөндіруші» құрмет грамотасымен Нұрлан Нарымбеков марапатталды. Тағы үш адам төтенше жағдай басқармасы басшының атынан алғыс хат алды. Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін 3 қызметкер Балқаш қаласы әкімінің құрмет грамотасына және 5 құтқарушы алғыс хатқа ие болды
Құтқарушылар өз кәсіби мерекесінде жұмыстарын таныстырды. Желтоқсан көшесінде дәстүрге айналған ТЖ техникасының көрмесі өтті. Басты көрермендер — оқушылар. Балалар жаңа автобаспалдаққа мініп, көлікке отырып, мамандардың арнайы киімін киіп көрді. Автобаспалдақ өрт кезінде адамдарды эвакуациялауға пайдаланылады. Бүгін мамандар оқушыларға оны қалай жинау керектігін көрсетті. Бұл техникаға құтқарушылар биыл қол жеткізген. Оның баспалдағы бұрынғысынан 30 метрге ұзын. Әрі жүргізушінің көмегенсіз басқарылады. Көрме барысында оқушылар одан бөлек өрт сөндірушілердің, сүңгуірлердің, жол пунктінің дәрігерлерінің жұмыста қолданатын аппараттарымен танысты. Өрт сөндірушілердің костюмдерін киіп, көлікке де мінді
Жарты жыл ішінде 100-ден аса балқаштық «Жолда қабылдау» акциясына қатысты. Әр ай сайын далада отырып тұрғындар сұрағына жауап беретін полицейлерге осынша адам жүгінген. Атап айтқанда 50 тұрғын әкімшілік айыппұлға қатысты ақпарат алса, 40 балқаштық жүргізуші куәлігін алу, ауыстырудың жолын сұраған. Ал 10 азамат көлікті бензиннен газға алмастырудың ережесін білуге келген. Мұндай акцияны полицейлер алдағы жұма және сенбі күндері тағы өткізеді. Тек бұл жолы тұрғындарды бұрынғыдай Желтоқсан көшесінің бойында емес «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қабылдайды. Таңғы 9.00-ден бастап кешкі 19.00-ге дейін
16 қазан — бастықтардың күні. Алғаш рет бұл мереке АҚШ-та пайда болған. Бұл күні қол астында жұмыс істейтін қызметшілер өз басшысына бір жыл бойы мейірімді әрі әділ болғаны үшін рахмет айтып, алғысын жеткізген. Ал нағыз босс қандай болу керек? Сауалнама айдары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login