Ораз Тәуірбеков «Нұр Отан» партиясының Балқаш қаласындағы филиал төрағасы болып сайланды. Бұл туралы партияның кезектен тыс конференциясында белгілі болды.Конференцияда сайлау ашық түрде өткізілді. Нәтижесінде делегаттар Ораз Тәуірбековке дауыс беріп, бірауыздан әкімнің кандидатурасын қолдады. Ал осыған дейін филиал төрағасының міндетін экс әкім Александр Аглиулин атқарған болатын. Алайда оның қызметтен кетуіне байланысты, міндеттен босатылды. Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясының қатарынан қызмет бабымен басқа қалаға ауысқан 3 адам шығарылып, орнына 3 азамат қабылданды
Қалада 17 қазанға дейін жалғасатын «Автобус» акциясы жүріп жатыр. Жол бойында тәртіп сақшылары қалалық және халықаралық қоғамдық көліктерді тексеруде. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талабының сақталуына баса назар аударып, жол ережесінің бұзылмауын қадағалауды қолға алды. Акцияның 5 күнінің өзінде автобус жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы, қоғамдық көліктің техникалық байқаудан өтпеуі, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу және қауіпсіздік белдігін тақпау секілді 20-дан астам тәртіп бұзушылық анықталған
125 балқаштық жас Сейфуллин көшесін қоқыстан тазартты. Шаһарда жастар ресурстық орталығы мен №7 мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен экологиялық акция өтті. Шара Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойының құрметіне орай ұйымдастырылып отыр. Оған 125 оқушы мен қаланың белсенді жастары қатысты. Акция барысында Сейфуллин көшесінің 2 үйінен бастап 29 үйге дейінгі аралық күл-қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмысы барысында бірнеше қап қоқыс шығарылды. Акция соңында қатысушылар экологиялық акция эстафетасын қаладағы өзге білім ордаларына жолдады
15 қазан дүние жүзінде қол жуу күні атап өтіледі. Бұл дата 2008 жылы БҰҰ ның балалар қорының шешімімен ресми түрде атаулы дата болып бекітілді. Содан бастап жыл сайын әлемнің түкпір, түкпірінде оны түрлі шаралармен атап өтуде. Жеке бас гигиенасын еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біледі. Оның ішінде ең маңыздысы қол жуу болып табылады. Кір қолда шамамен 840 мыңға жуық микроорганизм өмір сүреді. Олардың басым бөлігі тырнақ астында, алақанда болады екен. Мамандардың айтуынша, қолды кірлеген бетте күніне бірнеше рет жуып отыру қажет. Ер адамға қарағанда әйелдердің қолында микроб көп болады. Оған гормондар мен косметика пайдалану себеп. Таза қолда микробтар 10 минут ішінде өледі екен. Ал, кір қолда 95 пайызға дейін тірі қалып, көбейеді. Сондықтан қолды дұрыс жуудың маңызы зор. Ғалымдардың зерттеуі бойынша адамның екі қолында екі түрлі бактериялар өмір сүреді. Қолды бірінші рет жуғанда адам терісіндегі микробтар жуылады. Екінші рет жуғанда тері астындағылары кетеді. Одан өзге мамандар қолды жиі жуу адам өміріне қауіпті екенін ескертеді
Күз мезгілінің жартысы артта қалды. Деседе, нағыз күз енді келгендей. Қалаға жаңбырлы күндер келіп, ағаштардың сары жапырақтары жерге түсуде. Күз мезгілі ауа-райымен бірге балқаштықтарға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login