Балқашта жағалау аумағына 50 үйеңкі ағашы отырғызылды. Оған қала басшылығынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар қатысты. Алғашқы көшетті қала әкімі Ораз Тәуірбеков екті. Шаһар басшысының айтуынша талдардың күтімі мен суарылуына «Зеленстрой» компаниясы жауапты. Бұл күні 50 үйеңкі ағашы егілді. Жалпы экологиялық акция аясында осыған дейін қала мектептерінің ауласына 400 түп көшет отырғызылған. Алдағы уақытта тағы 430 тал егу жоспарлануда.
Ораз Тәуірбеков – Балқаш қаласының әкімі: «Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин бастамасымен бүкіл республикамызда ағаш отырғызу экологиялық акциясы басталып кеткен. Бұл акция жалпы қаламыздың экологиясын жақсартуға және де өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге бағытталған»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login