Балқаштық ақын Махмет Нұртазаұлының өлеңдер жинағы жарық көрді


Өткен сенбіде Абай атындағы №2 лицейде «Аманат» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кешке ақынның артында қалған жары, жора-жолдастары, әріптестері және оқушылар жиналды. Махмет Нұртазаұлын еске алып, өлеңдерін оқыды. Жаңадан жарық көрген жыр жинақ 8 бөлімнен, 300 беттен тұрады. Таралымы 200 дана. Алматы қаласында басылып шықты. Қаламгердің шығармаларын жинақтаған жары — Гүлбаршын. Ал ақыннан қалған жырдың кітап болып жарыққа шығуына көмектескен жазушы-этнограф Төрехан Майбас пен  журналист Оралбек Жүнісұлы. Бұл Махмет Нұртазаұлының үшінші кітабы. Көзі тірі кезінде «Асыл Арман» және «Ата жұрттан айналдым» атты екі туындысы жарық көрген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login