Бес балқаштық құс аулау ережесін бұзған

Соңғы айда бес балқаштық құс аулау ережесін бұзған. Оларды линиялық полиция қорықшылармен бірге жүргізген рейд кезінде ұстады. Су құстарын аулау маусымы 7 қыркүйекте басталған болатын. Бір айда тұрғындарға 385 жолдама берілген. Алайда бес балқаштық құс аулау ережесін бұзған. Екеуі аңшылыққа рұқсат беретін құжатсыз шықса, тағы екеуі құс аулау мерзімі басталмай жатып оларды атып алуды көздеген. Бірі тексеріс кезінде мылтығынан оғын алмаған. Барлық тұрғындарға алғашқы ереже бұзушылық болғандықтан тек ескерту жасалды. Егер екінші рет қайталаса, онда 12 мың тг астам айыппұл арқалайды.

Нина Кубрикова – Балқаш аңшылары қоғамының басқарма төрайымы:«Егер былтыр бір жыл ішінде 14 ереже бұзушыны анықтасақ, биыл бір айдың өзінде заңға бағынбаған 11 адамға қатысты хаттама толтырылды. Аңшылар айыппұл арқаламас үшін, бекітілген ережені бұзбаулары тиіс

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login