Бүгін Ағыбай батыр мен Қадыржанов көшелерінің қиылысында екі көлік қақтығысты. Соққы салдарынан жеңіл көліктің бірі көше бойындағы бағдаршамға барып соғылған. Жол көлік оқиғасы таңертеңгі 9-дар шамасында болды. Алдын-ала болжам бойынша тайота камри Ағыбай батыр көшесінен Қадыржанов көшесіне бұрыла бергенде, қарсы бағытта келе жатқан екінші камри оған жол бермей екі көлік бір біріне соқтығысады. Абырой болғанда жүргізушілер дін аман. Қақтығыс салдарынан автомобильдердің бірі бағдаршам бағанасына соғылып, оны майыстырып жіберген. Жол қозғалысын реттеуші құрылғы 2017 жылы орнатылған болатын. Оны ауыстыруға шамамен 6 млн теңге жұмсалыпты. Қазір жауапты мамандар мемлекет мүлкіне келтірілген шығынды есептеуде. Ал жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда
Орталық саябақты абаттандыру кезеңдері әкімдікте талқыланды. Кеше қала басшысы депутаттармен, жастармен, ТКШ мамандарымен және ардагерлермен кездесті. Жиында саябақтың жаңа кейпі, жөндеу кезінде кездескен қиындықтар сөз болды. Саябақты абаттандыру жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Біріншісі биыл іске асады. Қазірдің өзінде мамандар ескі қоршауды алып тастап, жаңасының іргетасын құйды. Коммуникация тарту басталды. Ал жарық бағаналарының орны дайын. Саябақта 2020 жылдың қыркүйегіне дейін диаметрі 7 метрлік фонтан, екі дәретхана, биіктігі 4,5 метр жаңа арка, тротуар және велосипед жолы пайда болады. Одан бөлек ғашықтар мен түлектер аллеясын құру, автономды суару жүйесін іске қосу, көшет отырғызу жоспарлануда. Саябақтың ішінде кәсіпкерлерге тиесілі 5 жер бар. Жоба аясында өз аймақтарын абаттандыру үшін учаске иелерімен келіссөздер жүргізілуде. Бүгінде ІІБ аумағындағы жер телімі мемлекетке қайтарылған. Енді салынбаған балалар орталығының орнына ойын кешені тұрғызылады. Алайда өзге кәсіпкерлер мен билік арасындағы мәселе әлі шешілген жоқ. Жиында орнынан алынған қоршауларға қатысты даулы сұрақ туды. Жиында белгілі болғандай, мердігер компания темір дуалдың бір бөлігін сатып жіберген
Балқаштық хирургтар жыл басынан бері геникологиялық патологиясы бар 35 әйелге ота жасады. Барлық процедура лапароскопия әдісімен жүзеге асырылды. Дәрігерге жүгінген нәзік жандылардың көбісінде киста, миома, жатырдан тыс жүктілік болған. Тексеруден кейін барлық науқастар жабық манипулияциядан өтті. Бұл дегеніміз дәрігерлер әйелдің ішін тілмей, арнайы құралмен тесу арқылы қалыптасқан ауру ошағын алып тастайды. Ота барысында әрбір бесінші балқаштық келіншек ауырсынуды басатын дәріден бас тартқан. Себебі лапароскопияның басты артықшылығы операциядан кейін науқас тез қалпына келеді. Ота жасалған күннен бастап тамақ ішіп, жүріп тұра алады. Тіпті ауруханада да көп жатпайды, екі күннен кейін үйіне шығарылады
Соңғы айда бес балқаштық құс аулау ережесін бұзған. Оларды линиялық полиция қорықшылармен бірге жүргізген рейд кезінде ұстады.Еске сала кетейік, су құстарын аулау маусымы 7 қыркүйекте басталған болатын. Бір айда тұрғындарға 385 жолдама берілген. Алайда бес балқаштық құс аулау ережесін бұзған. Екеуі аңшылыққа рұқсат беретін құжатсыз шықса, тағы екеуі құс аулау мерзімі басталмай жатып оларды атып алуды көздеген. Бірі тексеріс кезінде мылтығынан оғын алмаған. Барлық тұрғындарға алғашқы ереже бұзушылық болғандықтан тек ескерту жасалды. Егер екінші рет қайталаса, онда 12 мың тг астам айыппұл арқалайды
Демеушілер «Балауса» балабақшасына құмсалғыш сыйға тартты. Балабақша өкілдері демеушілік көрсетулерін сұрап, кәсіпкерлерге шыққан. Сол сұраныстан кейін мұнда 6 құмсалғыш әкеліп орнатылды. Енді 6 топтың 150 балдырғаны осында ойнайтын болады. Демеушілерге алғыс ретінде балабақша тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Балғындар, ән айтып, би билеп, жомарт жандарға жылы лебіздерін жеткізді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login