Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жаппай тәркіленген жапондық препарат қауіпсіз деп танылды. Естеріңізге салсақ, жапониялық компания биыл шығарған 90 мың партияның 3 құтысынан денсаулыққа зиянды бөгде зат тапқанын хабарлап, әлемнің 35 елінен 33 серия препаратты кері қайтарған болатын. Соның ішінде Қазақстан да бар. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жапондық препаратты тексеріп, қауіп тым аз сол себепті екпе егуді жалғастыруға болады деген қорытынды шығарды. Енді 100-ден астам сәбиге тұрғылықты мекен-жайы бойынша екпе егіледі. 400-ге жуық 1 сынып оқушыларына да жоспарға сәйкес вакцина салынады.
Лена Батанаева – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы: «Туберкулезге қарсы екпені лабораториялық зерттеу кезінде тоқтатты. Сараптама қорытындысы оң нәтиже көрсеткендіктен вакцина салу жалғасады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login