Компания бұл соманы тиісті қауіпсіздікті сақтамағаны үшін төлейді. Ереже бұзушылық 2019 жылдың қыркүйек айында анықталды. Тексеру барысында компания лаңкестікке қарсы қорғанысты және нысанның қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені анықталды. Нақты айтқанда, күзет дабылы, бейнебақылау жүйесі жоқ, ал апат кезінде шығатын қосымша есік алыстан басқарылмайтын болған. Сотта темір жол компаниясының өкілі өз кінәләрін мемлекеттен бөлінетін қаржының жетіспеушілігімен түсіндірді. Нәтижесінде сот компанияны кінәлі деп танып, бір миллион екі жүз мың теңгеден астам айыппұл салды.
Динара Бапаева — мамандандырылған әкімшілік соттың кеңсе меңгерушісі: Сот шешімімен акционерлік қоғамға 1 миллион 262 мың 500 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login