«Балқаш Су» мекемесінің экс директоры лауазымын асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Балқаш қалалық соттының үкімімен оның бас бостандығына үш жарым жылға шектеу қойылды. Қаланы суық сумен қамтамасыз етіп отырған КМК басшысы тариф құнын өсіру үшін жүз млн астам теңгеге құбыр ауыстыру жұмыстары жүргізілді деп жалған құжат жасаған. Нәтижесінде қызмет ақысы 123,5 млн тг көтерілген. Енді шығын тұрғындарға тариф есебінен қайтарылмақ. Ал сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Деседе дәлелдемелер мен куәгерлердің жауабы арқылы оның өз лауазымын асыра пайдаланғаны дәледеніп, ол үш жарым жылға бас бостандыған айырылды
Қазақстанда жәрдемақы енді басқаша есептелетін болады. Елімізде әлеуметтік көмек берудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Ұсынылған ережелерге сәйкес енді әлеуметтік көмек үш түрге бөлінеді. Біріншісі көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы. Енді 4 және одан көп бүлдіршін тәрбиелеп отырған жанұяға оның кірісіне қарамастан жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның көлемі 4 балаға 42 500, 7 сәбиге 73 370 тг. Ал АӘК бұл отбасылар үшін және азқамтылған жанұялар үшін бөлек есептеледі. Ол бұрынғыдай отбасының адам басына шаққандағы орташа кірісі мен елдегі кедейлік шегінің арасындағы айырманы құрайтын болады. Үшіншісі кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Оның аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетіледі. Оған 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен мектепке қажетті заттар, оқушылардың қоғамдық көлікте жол жүру құны кіреді
Балқаштық үздік ұстаздар марапатталды. Шаһар басшысы мұғалімдер қауымын мәдениет сарайында салтанатты түрде төл мерекелерімен құттықтады. Ораз Тәуірбековтың жүрекжарды тілегінен соң, кезек марапаттауға келді. Бірінші болып білім саласының ардагерлері сахна төріне көтерілді. Үш педагог «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Қарағанды облысы білім саласының үздік қызметкері»төсбелгісіне ие болды. Ал 17-ге жуық маманға Білім Министрлігінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Дәл осындай мадақтама облыстық білім басқармасының атынан 10 ұстазға берілді. Білім саласының 10 қызметкері болса қала басшының грамотасы мен алғыс хатын иеленді
Балқашта демалыс күндері жылу құбыры жарылды. Апат гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде болған. Желтоқсан көшесінде магистарльдық желі жарылып, ыстық су аспанға атқылаған. Апат жылу құбырларын қысым арқылы тексеру кезінде болды. Анықталғандай дәнекерленген тігіс жарылған. Бүгінде «Су Жылу Транс» мамандары ақау шыққан жерді қайта жамауға кірісті
Келесі аптадан бастап 3 «Б» автобусының жұмысы тоқтатылады. Саяжай маусымы аяқталғандықтан енді қоғамдық көлік көктемге дейін жүрмейді.Еске сала кетейік маусымдық автобус сәуір айынан бастап жолға шыққан болатын. 6 ай бойы ақ тас аймағына қатынап, саяжайшыларды тасымалдады. Енді саяжай маусымының аяқталуына байланысты 16 қазаннан бастап өз жұмысын тоқтатады
Балқаштық студенттер мен оқушылар түгел көлікті тоқтатып қойып, тура жол ортасында би биледі. Осылайша полицейлер «Назардан тыс қалма» республикалық акциясы өткізді. Полицейлер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, оқушылар мен студенттер, жастар орталығының еріктілері №4 мектептің алдына жиналды. Үстеріне жарық шағылыстырғыш жилет киіп, қолшам ұстанған қатысушылар бүгін көлік иелерінің назарын өздеріне аудартуы тиіс. Себебі күннің қысқарып, түннің ұзаруына байланысты енді оқушылар мектептен қараңғы уақытта шыға бастайды. Жүргізушілерге жолда жүру ережесін еске салып, балаларды байқау керектігін ескерту үшін студенттер мен еріктілер жолдың жүргіншілер бөлігіне шығып флешмоб биледі. Шарадан жас инспекторлар да шет қалмай, саптық дайындықтарын көрсетті. Назардан тыс қалма» республикалық акциясын өкізуге 25-ке жуық адам қатысты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login