Жылыға енді қолы жеткен жұрт тағы бірнеше күн тек суық сумен отырады. «Су Жылу Транс» мекемесінің ақпаратында ыстық су 7 қазан күні тоқтатылады. Осы күннен бастап коммуналшылар құбыр желісін жуып, тексерістен өткізеді. Аяқталғаннан кейін 12 қазан күні ыстық су мен жылу қатар беріледі. Пәтерлерде жылу бекітілген кесте бойынша пайда болады.
Ержан Әлішеров – «Су Жылу Транс» КМК бас инженері: 7-11 аралығы біз кварталдық желілерді, магистралдық құбырларды жуып тазалап, бізде екі сүзгіл бар жаңағы түгел құбыр бойындағы кірдің бәрін жинап алатын. Соны тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Ал 12 күні сағат 8-де түгел ыстық су беріледі. Барлық коммуналдық мекемелерге хабарландыру берілді
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login