Балқаш жаңалықтары 01.10.2019

  1. Қарағанды облысының маслихатында Балқашта туризмді дамыту мәселесі көтерілді. Онда қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов өңірдің мүмкіншілігі мен мәселелерін көтерді. Балқаш көлі сонау ашаршылық жылдары елге пана болған ерекше табиғи мекен. Ал қазір ел экономикасын дамытуға өз үлесін қосып отыр. 2018 жылы Балқаш ҚР туристік аймақтардың ондығына кірді. Жаз айында Балқашта өткен халықаралық туристік форумда өңірдің мүмкіншілігі сөз болып, мәселелер көтерілді. Шараға 80-ге жуық тур операторлар қатысты. Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында туризмді дамытып, экономиканы дамытуға баса назар аудару керектігін баса айтқан еді. Инфроқұрылымды қолға алып, білікті мамандарды тарту керек. Биыл Балқашқа 17 мың турист келіп,оларға  200 млн тг қызметі көрсетілген. 2030 жылға қарай Балқашқа келетін туристер санын 4 есе көбейту жоспарлануда. Туризмді дамыту  жолдары алдымен Балқашта кейін Қарағанды облыстық маслихат отырысында талқыланды. Онда қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов туристерді тарту үшін қандай іс шаралар қолдану керектігін жіпке тізді. Мәселен әуезжайдың жағдайы, авирейстерді субсидиялау, Қарағанды, Саяқ, Алматыға қатынайтын поезд вагондарын көбейту және қаланың сыртқы келбеті көркейту секілді мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданатын болды. Барлығы кезең кезеңімен іске асады
  2. Бүгін қартар күніне орай мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Онда қала әкімі Ораз Тәуірбеков мереке иелерін құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Бұл күні 50-ге жуық адам марапатқа ие болды. Қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін бірнеше қария шаһар басшысының құрмет грамотасымен  және алғыс хатымен марапатталды.  Одан бөлек мереке иелерін қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов құттықтады. Салтанатты жиында салауатты өмір және спортты насихаттаушы, ата салтты, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды дәріптеуші, үздік тәлімгер номинациялары бойынша түрлі салада жұмыс істеп жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан қарттар да марапатқа ие болды. Ал ең үздік бастауыш ардагерлер  ұйымы атағын қалалық аурухана иеленді. Шара соңы кішкентай өнерпаздар дайындаған концертке ұласты
  3. Бүгін балқаштық кәсіпкер еңбек ардагеріне пәтер сыйлады. 91 жастағы Анна Брожникова қиын жағдайға тап болып, далада қалған. Кейін пәтер сұрап қала әкіміне барған. Ал қала басшысы өз уәдесінде тұрып, демеушілер іздеп, бүгін қартқа пәтер кілтін өз қолымен табыстады. Қала тұрғыны Анна Бражникова қарттар күніне орай  пәтер алды. Осыған дейін «Көмек» кризистік орталығында тұрған 91 жастағы тыл ардагері, енді 10 күннен кейін жаңа үйіне қоныс аударады. Қарияның бұл арманын орындауға қала әкімі Ораз Тәурбековтың септігі тиген. Демеуші іздеп, кәсіпкерлерден көмек көрсетулерін сұраған. Қала әкімі қолына гүл шоқтары мен сыйлығын алып, Тамара Пафнутованың үйіне де қонаққа барды. Тыл ардагері Брянск облысында дүниеге келіп, сол жерде соғысқа қатысқан. 1949 жылы жолдасымен бірге Балқашқа көшіп келгеннен кейін металлургия цехына жұмысқа тұрып, сол жерден зейнетке шықты. Бүгінде 3 баланың анасы, 6 немере мен 12 шөберенің әжесі. Бүгін аймақ басшысынан құттықтау тілекті қаламыздың жасы ең үлкен тұрғыны Данагүл Құрбанбаева қабыл алды. Биылғы жылы ол өзінің 102-ші туған күнін тойлайды. Қазіргі таңда қарт ана қызының отбасысымен бірге өмір сүреді. Келген қонақтарға алғысы ретінде ақ батасын берді
  4. Балқашта халықаралық қарттар күні атап өтілді. Мейрам иелерін концерттік бағдарламамен құттықтады. Қаламыздың барлық аулаларында мерекелік номерлер көрсетілді. Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың алдында қарттарымыз үшін №10 мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды. Бағдарлама барысында балалар ән шырқап, би билеп, өлеңдер оқыды. Бұндай концерттер Мұхамеджанов және Жидебай батыр шағынаудандарында, Томпиев, Русаков, Желтоқсан көшелерінде, Астана аллеясында және қаламыздың басқа да көшелерінде де қойылды. Мерекелік номерлерді мектеп оқушылары дайындады.
  5. 67 жастағы қала тұрғыны Наталья Ли  осыған дейін емханада мейірбике болып қызмет еткен. Зейнетке шыққан соң, ол өз өміріне жаңашылдық сыйлағысы келеді. Сөйтіп зумбаға жазылады. Биыл оның осы би түрімен айналысқанына  5 жыл толып отыр. мынау ас үйдегі галереялық бұрыштың авторы 81 жастағы қала тұрғыны Клавдия Сахно. Кеуана 12 жыл бойы қолы қалт ете қалса кесте тігуді әдетке айналдырған. Ине мен жіпті, бисер мен лентаны серік еткен  Клавдияның  қолынан бүгінде жүзден астам өнер туындысы жарық көрді.Одан бөлек, қария балалар кітапханасында кесте тігу үйірмесінен  аптасына 2 рет  сабақ береді. Бүгінде шаһарда 4000 мыңға жуық 70 жастан асқан қария тұрады. Олардың 16-сы  95 жастан асқандар. Ал ең үлкені қазір 101 жаста
  6. Күн суытқанда тұздалған, қытырлақ қияр мен қызанақты, түрлі салат пен компот, шырынды ішкенді әркімнің жаны сүйеді. Қысқа азық дайындау кезеңі әлі аяқталған жоқ. Алайда, тағамдарды дәрумендерін сақтап, дұрыс жасаудың әдіс-тәсілдерін білу маңызды. Бүгінгі кейіпкеріміз Әлия Контекова тосап пен салат, компот барлығын қосқанда 400-ге жуық банкі жапқан. Балқаш тұрғыны Әлия Контекова күз бастала салысымен қыстың қамына кіріседі. Қысты дәмді лечо, тұзды қияр мен қызанақ, шырынсыз елестете алмайды. Балалары да оларды сүйсініп жейді екен.  Бұл істе 20 жылдық тәжірибесі бар ол  бізге әуелі қияр тұздаудың қыр-сырын көрсетті. Әрі керекті барлық көкөністер мен жемістерді отбасы мүшелері өз саяжайларында баптап өсіреді. Қыстың қамына білек түре кіріскен кейіпкеріміздің, аязды күндері дастарханы дәруменге толы тәтті-дәмдіден босамасы анық
  7. Балқаштық «Бертіс»  клубы түнгі әуесқой хоккей лигасында өнер көрсете бастады. Бүгінде команда үш ойын өткізді.Оның екеуі жеңіспен аяқталды. Осы маусымда балқаштықтар алғаш болып «Тентек» хоккей клубымен кездесті. Ойын барысында есепті Шахтинсктер ашты. Артынша «Бертіс» ойыншылары 3 голмен жауап берді. Бірақ, келесі минуттарда қақпаға қарсыластар тарапынан 4 гол соғылып, кездесу 3:5 есебімен «Тентек» хоккей клуб командасының пайдасына шешілді. Ал, келесі екі ойын сәтті өтті.Мұз үстінде біздің хоккейшілер Приозерск командасымен кездесіп, оларды 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін, қарағандылық «Жігіттер» командасынан басым түсті.Қазір балқаштықтар турнир кестесінде үшінші орында. Ойын екі айналымда өтеді. Мықтылары плей оффқа жолдама алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login