Балқаштықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 120 миллион теңгеге жетті

Жылу мен ыстық су ақысын төлемеген балқаштықтардың қарызы 120 миллион теңгеге жеткен. Бұл сомма біреше жылдан бері жиналған. Борышкерлердің қатарында жеке және заңды тұлғалар да бар. Дүкендер мен павильондардың иелері және жеке кәсіпкерлер компанияға 45 миллион төлемеген. Ал көп қабатты пәтер мен жеке үйлердің  қарызы 75 миллион тг құрайды.  400-ге жуық үй иесі борышкелер тізімінде. Қазіргі таңда «Су Жылу Транс» мекемесі  елден ақшасын  қайтару үшін  нотариустан берешекті өндіріп алу туралы орындау жазбасын алған. Тұрғындар қарызды төлеу үшін подъездердің есігіне ескертпе қағазын іліп тастаған. Егер баспана иелері борышынан құтылуға асықпаса онда іс сотта қаралады.


Никита Гец –«Су Жылу Транс» КМК заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы: «Қала тұрғындары қаржы жағынан қиналып жүрсе кез келген уақытта басқармаға немесе абоненттік бөлімге келіп, төлемді бөліп төлеу туралы өтініш жазуларына болады. Ал егер іс сотқа өтсе онда жеке сот орындаушылар өз қызметі үшін тұрғындардан ақы алады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login