«Сайра, бұлбұл!» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтеді

Ән еркесі – Манарбек. 26 қазанда әнші, сазгер, актер, халық әртісі Манарбек Ержанов атындағы «Сайра, бұлбұл!» атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтеді. Қатысушылардан өтінім қабылдау басталып кетті. Байқау үстіміздегі жылдың 26-шы қазанында сағат 11.00-де Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Дәстүрлі ән додасына қатысушылар Ержанов шығармашылығынан немесе әнші репертуарынан 1 ән және еркін тақырыптағы дәстүрлі әндердің біреуін орындауы тиіс. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Сайыскерлерді бағалауда  дәстүрлі ән орындау шеберлігі, сахна мәдениеті, ұлттық киім, домбыра мен ән үндестігі басты назарға алынады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Өтінімдер Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында 23-ші қазанға дейін қабылданады.

Айдана Сайлау – мәдениет-сауық орталығының әдіскері: «Бұл Манарбек Ержановтың жыл сайынғы өтетін «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі әншілер байқауы. Бұл дәстүрлі әншілер байқауы аймақтық дәстүрлі әншілер қатыса алады. Яғни аймақтық дегеніміз Ақтоғай, Шет аудандары. Түрлі осы аудандарға қарайтын ауылдық округтер қатыса алады. Толық мәлімет білгілеріңіз келсе мәдениет-сауық орталығының 3 этажда 14-ші кабинетке келіп білуге болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login