Екпе 20-29 жас аралығындағы қала тұрғындарына егіледі. Аурудың жиілеп кетуіне байланысты, Республика бойынша вакцина егу қолға алынды. Балқаштың өзінде жыл басынан бері бір жастағы және жасқа толмаған 4 бала қызылшамен ауырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Олардың екеуі вакцина қабылдамаған болып шықты. Зертханалық тексерістен кейін екі диагноз расталмады. Бүгінде қала бойынша 20-29 жастағы азаматтарды қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. Тізімде 10 мыңнан астам қала тұрғыны бар. Ол үшін қалаға Үндістанда шығарылған арнайы препарат жеткізілді. Қалаған жағдайда 18, 19 және 29 жастан асқан тұрғындарына вакцина тегін салынады. Ол үшін жергілікті дәрігермен кеңесу қажет.
Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі: «Елімізде өткен жылдан бері қызылша ауруына қатысты бірнеше факт тіркелді. Сондықтан, Республика бойынша осы науқан басталды. Иммундау арқылы біз болашақ аналар мен олардың сәбилерінің сау болып өсуіне ықпал етеміз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login