Балқашта жеке меншік әріптестік аясында «Алтын сақа» атты жаңа балабақша ашылды. 40 бүлдіршінге арналған нысан Сәбитов мөлтек ауданында орналасқан.
37 жастағы қала тұрғыны Әсел Мақаева үшін бүгін ерекше күн. Себебі көптен күткен балабақша кезегі келді. Енді кенже қызы Зарина өзге балалармен бірге тәрбие мен қатар білім алады.
Әсел Мақаева — қала тұрғыны: «Балабақшаға кезекке 2 жыл бұрын тұрғанбыз. Жақында indigo.kz сайтына кіріп, осы балабақшаны көзім шалды. Бірден қызымды тіркедім. Бүгін келіп, дұрыс таңдау жасағаныма қуанып тұрмын»
«Алтын сақа» бұрынғы «Золотая рыбка» балабақшасының орнына ашылған. Бөбекжай 40 бүлдіршінге арналған. Қазіргі таңда екі топқа 2 мен 5 жас аралығындағы 20 бала қабылданды. Ғимарат 1қабаттан тұрады. Екі жатын, 2 ойын бөлмесі, медициналық кабинет және асхана қарастырылған.
Ақбота Омарбекова – балабақша меңгерушісі: «Бағдарламалар әртүрлі. Үлкен топтарға оқыту бағдарламаларын үйретеміз. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жоспарлармен жұмыс істейміз. Біздің балабақшада қазіргі таңда екі тәрбиеші, бір көмекші және аспазшы және медициналық қызмет көрсететін қыметкер бар
«Алтын сақа» бөбекжайы жеке меншік әріптестік аясында ашылып отыр. Балабақша құны 38 мың теңге. Оның 27 мыңын мемлекет төлесе, қалған қаржыны ата-ана қалтасынан шығарады. Мәселен баласы үлкен топта болса 10500 тг, кіші топқа барса 8500 тг төлейді. Ал жолдаманы indigo.kz сайты арқылы беріледі.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login