Еріктілер қала көшелеріне шығып, қоңырау бойынша шақыртуларға барады. Шаһарда 15 қыркүйектен бастап «Учаске» акциясы басталған болатын. Жыл соңына дейін учаскелік инспекторлар есепте тұрған отбасылардың мекен жайына барып, тексеріс жүргізеді.
Қайырбек Рахымбеков – полиция бөлімі басшының бірінші орынбасары:«2019 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР территориясында учаске алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осының барысында күнделікті қызметкерлер жаңағы қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін қорғауға қатысып жатыр».
Тәртіп сақшыларына бүгін еріктілер көмектесті. Қала көшелерін аралауға полицейлермен бірге еріктілер ере шықты. Ресурстық орталықтың жастары күнде осылай қызметке шықпақ. Еріктілер қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, ІІБ келіп түскен шақыртуларға полицейлермен бірге еріп барады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login