«Самал» мөлтек ауданында көпқабатты үйлер және котедждерге қоса мектептер мен балабақшалар пайда болады. Кезекті маслихат сессиясында депутаттар қаланың бас жоспарын бекітті. Құжатта шаһардың 2035 жылға дейін қалай дамитыны көрсетілген. Сонымен Балқаш енді шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай дамиды. «Самал» мөлтек ауданында 2 мектеп, екі балабақша, 20 көпқабатты үй және 45 коттедж салынады. Туризмді дамыту үшін демалыс үйлері бой көтереді. Қаланың бас жоспарын Алматылық «Қазгипроград» жобалау институтының мамандары әзірледі. Жоба бұған дейін өткен жылы желтоқсан айында қоғамдық тыңдалымда талқыланған болатын. Содан болса керек, депутаттар 2035 жылға дейін жоспарланған жобаны еш сұрақсыз бекітіп берді. Енді жобаны әзірлеушілер оны облыстық маслихат депутаттарының алдында тағы бір рет қорғайды. Саяқ кентінің де бас жоспары бекітілді.
Александр Буреломов-«Қазгипроград» жобала институты директорының орынбасары:«Ең бірінші кезекте Саяқ кентіне су тарту мәселесі қолға алынады. Катодтты мыс алынатын жаңа зауыт салынады, қазір құрылысы жүріп жатыр. Саяқтағы ескі үйлерді қайта қалпына келтіру қолға алынады. Көшелер мен жолдар да жөнделеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login