Биыл вакцинаны қаламыз бойынша 8 мың тұрғын алады деп жоспарлануда. Бірінші кезекте тұмауға қарсы дәрі ақ халатты жандарға салынады. Олармен бірге тізімде міндетті вакцинацияға балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан егде жастағы және диспансерлік есепте тұрғандар ілігеді. Бас-аяғы 8 мыңнан аса адам. Оның ішінде 3 мыңға жуығы ересектер, шамамен 2 мыңдай жасөспірім және 3700 — 14 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі күні тұмауға қарсы екпені 540 адамалды.
Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі: «Вакцинация салудың алдында балалардың ата-аналарынан жазбаша түрде рұқсат алынады. Вакцина саларда балалар мен ересектердің екпе алар күналдындағы жағдайы қаралады»
Биыл Балқашқа дәл былтырғыдай ресейлік өндірістің «Гриппол+» өнімі әкелінген. Бұл өнім нарықта 20 жылдан аса қолданыста жүр. Жоспар бойынша тұмауға қарсы иммунитетті алғанжергілікті тұрғындар 10 пайыздан кем болмау қажет. Вакцинацияны тегін алатындар тізіміне енбегендер, ақылы түрде екпе ала алады. Ол үшін емханаға жүгіну қажет. Өтінімдер қалалық ұйымдар атынан да қабылданады.
Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі: «Тұмаудың дене қызуы, әлсіреу, қалтырау секілді реакциялары жүруі мүмкін. Алайда, вакцина өлімге әкеліп соғатын асқынған аурудың алдын алады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login