Қала әкімі Ораз Тәуірбеков депутаттар алдында есеп берді. Әкімдікте қалалық маслихаттың 33 сессиясы өтті. Онда жаңа лауазымға тағайындалғанына 3 ай болған шаһар басшысы осы жылдың 8 айында істелінген жұмыстарға тоқталды. Қала экономикасының негізі – өндіріс. Үлесі 90 пайыз. Осы жылдың 8 айында зауытта 245 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Шаһарға 29 млрд тг инвестиция құйылған. Ауыл шаруашылық өнімінің үлесі 1 млрд теңге. Ал экономиканың 10 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Қала әкімі есебі бойынша Бертыс айлағына су жүргізіліп, жартық тартылып, жол салынады. Жоба құны 30 млрд тг. Бұл қаржы облыстық бюджеттен бөлінбек. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленуде. 60 га аймаққа 20 демалыс үйі салынады деп жоспарлануда. Сессияда әкім құрылыс саласына да тоқталды. Жалпы жыл басынан бері 6 автожол жөнделген. Оның үшеуі Қоңырат мөлтек ауданында. 8 аулада аббаттанбыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда балаларға арналған ойын кешенін қою, қоқыс жәшіктер орнату қалған.Одан бөлек 8 көшеге тротуар салынып, 4 көшеде жарық қайта қалпына келтірілді
«Самал» мөлтек ауданында көпқабатты үйлер және котедждерге қоса мектептер мен балабақшалар пайда болады. Бүгін өткен кезекті маслихат сессиясында депутаттар қаланың бас жоспарын бекітті. Құжатта шаһардың 2035 жылға дейін қалай дамитыны көрсетілген. Сонымен Балқаш енді шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай дамиды. «Самал» мөлтек ауданында 2 мектеп, екі балабақша, 20 көпқабатты үй және 45коттедж салынады. Туризмді дамыту үшін демалыс үйлері бой көтереді. Қаланың бас жоспарын Алматылық «Қазгипроград» жобалау институтының мамандары әзірледі. Жоба бұған дейін өткен жылы желтоқсан айында қоғамдық тыңдалымда талқыланған болатын. Содан болса керек, депутаттар 2035 жылға дейін жоспарланған жобаны еш сұрақсыз бекітіп берді. Енді жобаны әзірлеушілер оны облыстық маслихат депутаттарының алдында тағы бір рет қорғайды. Айтпақшы бүгін, Саяқ кентінің де бас жоспары бекітілді. Бірінші кезекте Саяқ кентіне су тарту мәселесі қолға алынады. Катодтты мыс алынатын жаңа зауыт салынады, қазір құрылысы жүріп жатыр. Ескі үйлерді қайта қалпына келтіру, көшелер мен жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарда тұр
Балқашта тұмауға қарсы егу шарасы басталды. Биыл вакцинаны қаламыз бойынша 8 мың тұрғын алады деп жоспарлануда. Бірінші кезекте тұмауға қарсы дәрі ақ халатты жандарға салынады. Олармен бірге тізімде міндетті вакцинацияға балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан егде жастағы және диспансерлік есепте тұрғандар ілігеді. Бас-аяғы 8 мыңнан аса адам. Оның ішінде 3 мыңға жуығы ересектер, шамамен 2 мыңдай жасөспірім және 3700 — 14 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі күні тұмауға қарсы екпені 540 адамалды. Биыл Балқашқа дәл былтырғыдай ресейлік өндірістің «Гриппол+» өнімі әкелінген. Бұл өнім нарықта 20 жылдан аса қолданыста жүр. Жоспар бойынша тұмауға қарсы иммунитетті алғанжергілікті тұрғындар 10 пайыздан кем болмау қажет. Вакцинацияны тегін алатындар тізіміне енбегендер, ақылы түрде екпе ала алады. Ол үшін емханаға жүгіну қажет. Өтінімдер қалалық ұйымдар атынан да қабылданады
Биыл Балқаштан 140 жас әскер қатарына алынады. Олар 18 бен 27 жас аралығында азаматтар. Отан қорғауға аттанатын жігіттер алдымен медициналық тексеруден өтеді. Дәрігерлер жастар арасындағы хирургиялық аурулардың көптеп кездесетінін айтты. Ең көп қойылатын диагноз майтабан және омыртқаның қисаюы. Пайызға шаққанда 100-дің 85 пайызы майтабан болып келеді екен. Балқашта жылына мыңнан аса азамат әскер қатарына шақырылады. Былтыр күзде 169 азамат сарбаз сапына қосылған. Биылғы күзде жоспар бойынша 138 балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге аттануы тиіс. Қыркүйекте басталған әскерге шақырту маусымы жыл соңына дейін жалғасады
Кейінгі жылдары қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуды және сатуды көбейткен. Статистика комитетінің мәліметінше,жыл басынан бері еліміздің тұрғындары 30 мыңға жуық үй мен пәтерді сатып алып, саудаға қойған. Қарағанды облысында 2019 жылдың 8 айында үш жарым мың сатып алу-сату бойынша мәміле жасалды. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 25% -ға артты. Алайда тамыз айында тұрғын үй келісім-шарты шілде айына қарағанда 14% -ға аз болған. Жалпы, облысымыздың 500-ге жуық тұрғындары 2,5 мыңнан астам жеке үйлер мен көп қабатты үйлерді сатып алып-сатқан
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің залын жөндеу үшін 16 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қалпына келтіру жұмыстары үш айға созылды. Ал кеше мекеменің ресми ашылуы болды. Жаттығу залы ашылғаннан кейін Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің оқушылары бірден алғашқы жаттығуларын өткізді. Қыздар құрамасы допты қолдарына алып, волейбол ойнаса, жас палуандар өзара күш сынасты. Жөндеу жұмыстары 3 айға созылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің залында еден жабындары ауыстырылған. Бірнеше ай бұрын мамандар резеңке төсеніштің орнына ағаштарды салып, 1000 шаршы метр учаскеде жаңа тақтайшалар пайда болды. Мұнда қабырғаға ағаштан жасалған панельдер орнатылып, трибуна көтерілген. Барлық жұмыстарға қалалық бюджеттен 16 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Айта кету керек, аталмыш мекеме 5 жыл бұрын бой көтерген болатын. Биылғы жылы кешен алғаш рет жөндеу жұмыстарынан өтті
Балқаштық боксшы Республикалық турнирдің қола жүлдегері атанды. 14 жастағы Мадияр Тайпақовтың бұл юниор тобындағы алғашқы жеңісі.Аягөз қаласында өткен турнирға республикадан 2004-2005 жылғы 160 былғары қолғап шебері жиналды. Онда балқаштық Мадияр Тайпақов жарыста 54 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғады. Ол бокстан жеткіншектерді даярлайтын мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің тәлімгері. Жарыста үш жекпе жек өткізді. Алайда соның екеуінде жеңіске жеткенімен, жартылай финалда Алматылық қарсыласына есе жіберген. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды. Бүгінде боксшы Облыс чемпионатындағы аймақтық іріктеуге дайындалып жатыр
Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды. Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасы 59, ерлердіңкі 63 жас. 2018 жылдан бастап елде әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63 жасқа дейін, ерлер үшін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Биыл әйелдер 59 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығады. Осы орайда арна тілшілері балқаштықтардан зейнетке азаматтар қай жаста шығу керек? деген сауалнама жүргізген болатын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login