Алматы облысында қатты жүріп келе жатқан поезд рельсте кептелісте тұрып қалған жолаушы автобусын жаншып өтті. Салдарынан бір адам қаза тапты. Жарақат алған жолаушылар да бар. Жол апаты Ақсеңгір-Шамалған станциясында болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, кептелісте қозғалып келе жатқан автобус теміржол жол рельсіне келген кезде шлагбаум жабылған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші артқы есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығарған, алайда өзі шығып үлгермеген. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмның артында 4 баласы қалды. Оның әйелі сол автобуста кондуктор болып жұмыс істеген, ол сыртқа шығып үлгерген көрінеді.Үш адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олар 33 жастағы әйел мен оның 3 және 5 жастағы балалары. Үлкен қызға ота жасалды. Оның бас сүйегі жарақаттанып, ми қыртысы зақымданған, маңдай сүйектері сынған. Оның сіңілісінің бас миы жарақаттанған. Қазіргі таңда балалар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Олардың аналарының оң иығында, қабырғаларында, бұғанасы мен жауырынында сынықтар бар. Қайғылы оқиға болған жерге адамдар жиналып, қауіпті жерде көпір салуды талап еткен. Облыс әкімі шара қолдануға уәде берді
Қыркүйектен бастап Қарағанды облысы ел бойынша бірінші болып әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Қанат қақты жоба еліміз бойынша орталық өңірде сынама түде іске қосылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балқаштықтар мекемелерде тегін медициналық көмекке ие болады. Ол уақытта елімізде міндетті медициналық сақтандыру жұмыс істей бастайды. Жоба 1 сәуірден бастап толықтай күшіне енеді. Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады: кепілдік, сақтандыру жарнасын төлегендерге ұсынылады. Тегін, тіпті қымбат тұратын зерттеулердің өзі тегін көрсетіледі. 15 санатқа жататын азаматтардың жарнасын мемлекет өз есебінен төлейтін болады. Олар: балалар, мүгедектер, зейнеткерлер және түрлі санаттағы азаматтар. Жаңа жылдан бастап жұмыс берушілер жұмыскерінің жалақысының 1 пайызын сақтандыру қорына аударатын болады. Жеке кәсіпкерлер болса айына 4 мың теңгедей төлесе, ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бірыңғай жиынтық төлемге қаржы аударатын болады. Сақтандыруды мүлде алмағандарға, кепілдік берілген топтамадағы қызметтерден басқасының барлығына төлеуге тура келеді. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізе отырып дәрі-дәрмек алу, басқа емханаларға қаралу, қосымша тексерілу тегін болады. Бірақ тек бекітілген емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша. Медициналық оңалту спектрі кеңейеді, ал жинақталған қаражат медициналық ұйымдарды техникалық жарақтандыруға жұмсалады. Медициналық көмектің екі пакеті болады: Базалық: әлеуметтік маңызы бар аурулар, созылмалы және айналаға қауіп төндіретін аурулар; санитарлық авиация; жедел медициналық көмек; профилактикалық егулер. МӘМС: алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі; жоспарлы стационарлық көмек; мейірбикелік; оңалту және қалпына келтіру емі; жоғары технологиялық мед.қызметтер; паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін науқастарға. Жеңілдік 15 санаттағы адамдар үшін ұсынылады: балалар; жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысып үйде отырған адамдар; бала (балаларды) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, үш жасқа дейінгі баланың (балалардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; мүгедек бала күтімімен айналысатын, жұмыс істемейтін адамдар; зейнеткерлер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде (қаупі төмен мекемелерден бөлек) жазасын өтеп жатқандар; тергеу изоляторында отырған адамдар; жұмыс істемейтін оралмандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; мүгедектер; күндізгі оқу орындарында білім алып жатқан адамдар; оқу орнын жаңадан бітіргендер (күнтізбе бойынша үш айға дейін), жұмыссыз АӘК алушылар
Балқашқа Литва мемлекетінен делегация келді. Тарихшылар мен археологтардан тұратын топ мүшелері қазақ жерінде қаза болған ата-баба рухына тағзым етті. Ең алдымен Балқашлаг ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, одан кейін жер аударылған жерлестерінің зираттарын қалпына келтірді. Репрессия жылдары мына жапан далада тұтқындарға арналған Балқаш лагері болған. Қазір бұл тұста репрессия құрбандарына арналған жалғыз ескерткіш қана бар. Литвадан келген делегация мүшелері лагерде көз жұмған жерлестеріне дұға оқып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.Қонақтар бұрынғы лагерьдің аумағын аралап, тарих беттеріне көз жүгіртті. Белгілі литвалық сәулетші Алгис Вишнюнас Балқашлагтың ғимаратының бұрынғы суреттерін алып келген. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстан лагерлерінеде репрессия жылдары 10 мыңға жуық литвалық қайтыс болған. Делегация тобы қала әкімінің қабылдауында болды. Литвалықтар үшін тарихи маңызы бар жерлерді сақтау бойынша одан әрі ынтымақтастықты арттыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында тараптар Балқаш және Литва туралы кітаптармен алмасты. Бұдан кейін қонақтар Шығыс Қоңыратта орналасқан репрессия құрбандарының зиратына барды
Жексенбі күні Оқушылар сарайында ашық есік күні өтті. Онда ата-аналар барлық үйірмелермен танысып, ұнағанына баласын жаздыруға мүмкіндік алды. 45 жастағы қала тұрғыны Әсемгүл Бекенова ашық есік күніне балаларымен келген. Ол бүгін егіз қыздары Медина мен Гауһарды би үйірмесіне жаздырды. Ол үшін Әсемгүл бар болғаны өтініш толтырып, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен педиатрдан алған медициналық анықтаманы өткізді. Биыл оқушылар сарайындағы үйірмелер тізіміне біршама өзгерістер енді . Еріктілер және тұлға қалыптастыру клубтары мен екі жаңа спорттық секция ашылды. Енді балқаштықтар 7 жастан бастап дзюдоны, 9 жастан бастап бокс пен шағын футболды үйрене алады. Оқушылар сарайында биыл жалпы саны 45 үйірме жұмыс істейді.Оған екі жарым мыңнан астам оқушылар қатысады деп күтілуде. Ашық есік күнінде секцияларға 750 ге жуық қатысушы тіркелген. Ең кішкентай бүлдіршіндерді 3 жастан дамытатын үйірмелерге қабылдаса, қалған үйірмелерге балқаштықтар 6 жастан бастап бара алады
Балқаштықтардың көмегімен қала көшелері мен саябақтары тазартылды. Қала сыртына 50 тонна қоқыс шығарылды. Шаһарда осы күздегі алғашқы сенбілік өтті. Тазалау жұмыстарына 14 мыңға жуық тұрғын қатысты. Сенбілікте әр мекеме өзіне берілген аумақты тазалауға шықты. Мемлекеттік қызметкерлерден бастап, жеке ұйымдардың жұмыскерлері және коммуналшылар бірігіп қала көшелерін, саябақтарды, жағалауды қоқыстан тазартты. Енді алда облыстық сенбілік күтіп тұр. Шара барысында 745 шаршы метрді құрайтын аумақ тазартылып, 50 тонна қалдық қала сыртына шығарылды. Сонымен қатар қараусыз жатқан 17 қоқыс үйіндісі жойылып, жаңадан 22 қоқыс контейнері орнатылды. Қурап өсімін тоқтатқан 126 тал кесілді. Сенбілікке 30 ға жуық техника жұмылдырылды
Балқашта спортта мықты жас отбасы анықталды. Спорт күні қарсаңында 29 жасқа дейінгі жұбайлар балаларымен бірге түрлі сыннан өтіп, өз ептіліктерін сынады. Қасыққа салынған жұмыртқаны жарып алмай, алаңды бір жүгіріп өту ең қызықты сайыстардың бірі болды. Алайда кішкентай қатысушылар арасында сайыстың ережесін бұзғандар кездесті. Бірі жұмыртқаны қолмен ұстаса, бірі асын түсіріп алса да қайта қасыққа салып, жарысты жалғастырды. Одан бөлек отбасылар секіргішпен секіріп, шеңбермен жүгірді. Тіпті бірігіп отбасылық сурет те салды. Сайысқа 4 отбасы қатысты. Талап бойынша балалары бар, жасы 29 дан аспаған ерлі зайыптылар жарысқа жіберілді. Жарыс соңында барлық қатысушылар бағалы сыймен марапатталды. Ал бас жүлде Тәсімбековтер отбасына бұйырды. Отағасы Нұрлан денешынықтыру мұғалімі, ал жары Ғазиза құтқару қызметінің маманы. Жас отбасында қазір екі сәби тәрбиеленуде
Балқаштық «Металлург» өз алаңында облыс біріншілігіндегі басты қарсыласын қабылдады. Ол Қарағандылық «Гефест» командасы. Алғашқы таймда екі жақ 1:1 есебімен тең түсті. Өткен жылдың чемпиондары «Гефест» бұл ойынға үлкен әзірлікпен келген. Команда сапында турнирдің үздік бомбардиры Алек Гейсар секілді үздік ойыншылар жиналған. Құрамадағы футболшылар бір бірінің ойын мәнерін жақсы біледі. Бір құраммен ойнап жүргендеріне 3 жыл болған. Алғашқы тайм басында жерлестеріміз қарқыны жақсы болды. «Металлургтің» белсенді шабуылына қарсыластары да қарсы шабуыл ұйымдастыра білді. Есеп ойынның 15 минутында ашылды. Алғашқы голдың авторы балқаштық шабуылшы Эльмир Махмадов. Көп күттірмей 27 минутта қарағандылық «Гефест» есеп теңестірді. Қайтарма голдың иесі Бәкір Диқанбаев. Бұл күні жанкүйерлер өте белсенді болды. Алаңда қызу ойын жүріп жатқанда, көрермендер ұрандап, барабан соғып ойыншыларға барынша қолдау білдірді. Ойынның екінші таймында «Гефест» командасы қарқын алды. Бірнеше дүркін шабуыл ұйымдастырып, алаң иелерінің қақпасына 3 доп енгізді. Нәтижесінде матч 4:1 есебімен қонақтарымызға жеңіс сыйлады.Енді балқаштықтар Горняк командасын қабылдайды. Ойын осы сенбі күні «Мысшылар» стандионында өтеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login