Балқашта ыстық су бағасына қойылған жаңа тариф бағасы уақытша күшіне енбейді. Бұл туралы жауапты мекеме мәлімдеме жасады.Көтерме тариф тамыз айынан бері есептеліп, түбіртектер тұрғындарға таратылып қойған болатын. Алайда, құжат мақұлданбағандықтан, халық тамыз айынына ыстық су бағасын ескі тариф бойынша төлейтін болады. Апта басында «Су Жылу Транс» басшылығы есептегіш құрал бойынша текше метрге 262 тг, ал тұтыну нормасы бойынша адам басына 919 тг есептейтінін мәлімдеген еді. Алайда, Қарағанды облыстық табиғи монополияларды реттеу пепартаментінің құжатты қайта қарайтындығына байланысты, тарифтағы өзгеріс тоқтатылды
Балқашта 5 шақырымнан аса кабелдік тұйықтағыштар жылыту маусымына орай жөндеуден өтті. «БалхашЭнерго» мекемесі қыс түспей үйлердің қамын жасауда. Қала көшелерін ендігіде жарық үнемдегіш шамдар жарықтандырады. Бүгінде қалаға кіре берісте электромонтерлар бригадасы жұмыс жасауда. Мұндағы 80-ге жуық ескі шамдар орнына жарықдиодты түрлері қойылуда. Жарық үнемдегіш шамдар Байсейітова көшесіне де қойылатын болады. Бұл көшедегі ескі темірбетонды бағаналар металдыға ауысқан. Жақын күндері жарық үнемдегіш шамдар орнатылады деп жоспарлануда
Балқашта Қараменді би көшесінің көп қабатты үй тұрғындары жертөледегі су қалдықтарының жиналуына наразы. Тұрғындардың айтуынша жиналған сұйықтықтан жағымсыз иіс шығып, кесірінен шыбын-шіркей мен масалар көбейіп жатыр. Бейнежазбаны «ОРКЕН Мedia» редакциясына Қараменді би көшесі 16 үй тұрғыны жіберген. Видеоролик авторының айтуы бойынша лас су көпқабатты үйдің жертөлесіне көктемнен бері жиналып келеді. Салдарынан жаман иіс шығығып, масалар көбейіп тұрғындардың мазасын қашырған. Ал, үйге қызмет көрсететін мекеме мамандары жертөле құбырларынан судың ақпағандығын, ақау орнында жер асты суларының жиналып жатқанын алға тартты. Қалдық судың қайдан шығып жатқанын қызметкерлер әлі таба алмай отыр.Бұндай жағдай соңғы үш жыл бойы қайталанып келеді. Бүгін «Балқаш Универсал» мамандары жөртөледегі барлық сұйықтықты арнайы техникамен сорып алып, орынды залалсыздандырып шықты. Бірақ, аз уақыттан кейін тазартылған орынға су қайта жинала бастады. «Балқаш су» мекемесі аталған жертөледен талдамалар алып, алдағы уақытта бұл мәселенің шешімін табуға кіріспек
12 қыркүйек халықаралық ілмекпен тоқу күні. Аталмыш мереке 2007 жылдан бастап тойланып келеді. Мыңдаған жіп орамасы, сары, қызыл, жасыл түсті жіптер санаулы сағат ішінде Елена Полудневичтың қолында қайталанбас бұйымға айналып шығады. Тоқыманы ол 7 жасында әжесінен үйренген көрінеді. 2 жыл бұрын екі ұлдан кейін дүние есігін ашқан Милана Еленаның өміріне жаңашылдық сыйлады. Ол сол күннен бастап оған арнап киімдер мен ойыншықтар тоқи бастаған. Ілмекпен бүгінде шұлық қана емес, үй аяқ киімі, бас киім, сәнді сөмке мен амигируми ойыншықтарын тоқуға болады. Оған кем дегенде бір-екі аптадай уақыт кетеді. Мамандардың айтуынша тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады
Қазақстанда педофилдерге қолданылатын жаза қатаңтайды, яғни олар өмір бақи бас бостандығынан айырылмақ. Бас прокуратура аса ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуге арналған жоспарды жариялады.Мәселен, сексуалды сипаттағы зорлау фактілері ауыр қылмыстардың санатына енгізілетін болады. Марат Атметжановтың сөзінше, балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы барлық қылмыстар үшін жаза күшейтілмек. Ал жас балаға қатысты зорлау әрекеті үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. зорлау фактісін жасырғаны үшін балаларға арналған мекемелердің басшылары және қызметкерлері, сондай-ақ жаза баланың ата-анасына және асыраушысына да қолданылмақ. Жазаның күшеюі ұрлық пен бөтеннің мүлкін талан-таржыға салу, мал ұрлығы, есірткі сату істерін де қамтиды. Ал браконьерлікте түрме мерзімі ұлғайғаннан бөлек, мүлкін тәркілеу жүзеге асырылады
Балқашта мектеп оқушылары арасындағы қала әкімінің кубогіне шағын футбол турнирі басталды. Жарысқа қаламыздағы барлық орта мектептердің 2008-2009 жылғы ұл балаларынан құралған 12 команда қатысуда. Шағын футбол турнирінің алғашқы ойынына №24 және №17-ші орта мектептің ойыншылары шықты. Алғашқы минуттардан-ақ көк жейдедегі №17 мектеп оқушылары басымдық танытты. Алғашқы таймда қарсыластарына қатарынан жауапсыз 4 гол соқты. Екінші таймда екі команда да бір-бір голдан соғып, матч 5:1 есебімен көк жейдедегі ойыншыларға жеңіс сыйлады. Алаңның екінші басында да ойын қызып жатты. Бұл жерде №16 және №10 білім ордаларының балғындары өзара бақ сынасты. Жасыл жейдедегі №10 мектеп ойыншыларының бабы келмеді ме, ойынның алғашқы жартысында өз қақпаларына қатарынан 10 гол жіберіп алды. Екінші таймда осы қалыпта жалғасып, қызыл жейделі №16 мектеп оқушылары есепті тағы арттырды. Қала әкімінің кубогін 12 мектеп командасы сарапқа салады. Сенбі, 14 қыркүйек күні «Металлург» алаңында сағат 10.00-де жартылай финал өтеді. Артынша 11.00-де ақтық ойын болады. Қаламыздағы орта білім ордаларының футбол ойынындағы мықтылары анықталып, ең үздігі қала әкімінің кубогіне ие болмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login