Жерлесіміз Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Жерлесіміз Алем Байдағұлов Өзбекстан төрінде өткен Азия чемпионатынан алтын медальмен оралды. Балқаштық балғын бұл жолы грэпплингтен өткен жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Алем Байдағұлов осыған дейін джиу-джитсудан сәуір айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл жолы жекпе-жек күрестің  ауырлық көрсетіп, тұншықтыру әдісін қолданатын грепплингтен өтті. Ташкенттегі ашық азия чемпионатына бас-аяғы 1000-ға жуық спортшы қатысқан. 47 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балқаштық өз еліміз бен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшыларымен қарсылас болады. Жерлесіміз финалдық кезеңде Алматылық спортшымен сынға түседі. Осыған дейін джиу-джитсудан өткен кездесулерінде сайысқа түсіп, 2 рет есесін жіберіп алған. Ал бұл жолы грэпплинг бәсекесінде намысты қолдан бермей, 6:0 есебімен жеңіс тұғырынан көрінеді.

Алем Байдағұлов – грэпплингтен Азия чемпионы: «Бұл бәсекеге 1 ай көлемінде дайындалдым. Жартылай финалда айыр қалпақты Қырғызстан грэпплингшісімен өткен кездесу қиынға соқты. Кездесу барысында есеп теңескенімен, артында балдық есеппен басымдыққа ие болдым. Еркін күрестен жаттықтырушы Дамир, Ринат ағаларыма алғысымды білдіремін»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login