Балқашта ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Әкімдікте өткен кездесуде алдымен әкім сөз алды. Қаланың қауіпсіздігі үшін қала бойынша 240 бейнебақылау камералары орнатылған. Ағымдағы жылы тағы 40 бейнебақылау орнату жоспарланып отыр, оған 20 миллион теңге бөлінеді. Жыл басынан бері қала тұрғындарынан 900-ге жуық өтініш келіп түсті, ал тамыз айында әлеуметтік желілерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен білім беру салаларына қатысты 35 сыни пікірлер анықталды. Бұның барлығын арнайы құрылған топ қадағалайды. Аталған фактілер бойынша жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының жолдауын Балқаштықтар да қолдап отыр. Оның негізгі мақалалары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, көп балалы аналар, өндіріс қызметкерлері және жастар өз ойларын айтты
Балқашта су құстарына аңшылық маусымы ашылды. 30 қарашаға дейін әуесқойларға қасқалдақ, үйрек пен жабайы қазды аулауға рұқсат берілді.Ол үшін аңшылар бір реттік немесе маусым бойына жолдама алуға міндетті. Бір реттік рұқсат 3 күнге, ал маусымдық 30 қарашаға дейін жарамды. Балқаштықтар жабайы құстардың түрі мен олардың санын белгіленген нормадан асыпайтындай етіп таңдай алады. Биыл саятшылықпен Көкдомбақ, Шұбар-Түбек, Северная мен Сасықкөл учаскілерінде айналысуға болады
Оқушылар сарайында 15 қыркүйекте үйірмеге жазылу үшін ашық есік күні өтеді. Оған 7 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Үйірме көркемдік эстетикалық, сәндік қолтаңбалы, спорттық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік педагогикалық бағыттар бойынша өтеді. Секцияға қатысу үшін қажетті құжаттар ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен медициналық анықтама қажет. Жалпы биыл білім ордасында 45 үйірме жұмыс істейтін болады. Оған 2600 бала қабылданады деп жоспарлануда. Оның ішінде ағылшын, фортопиано, би мен гитара курсы ақылы, қалғанының бәрі тегін. Ақылы секцияға көпбалалы отбасынан шыққан балалардың тегін қатысуға мүмкіндіктері бар.Ол үшін қатысушы көп балалы статусын растайтын құжат тапсыру қажет. Үйірмеге қабылдау 1 қыркүйектен басталды
«Үміт үзбе» қайырымдылық қорының концертінен 130мыңға жуық қаржы жиналды. Бұл жиналған сома аз қамтылған отбасының балаларына оқу жылына әзірлікке жұмсалмақ. Қайырымдылық шарасы оқушылар сарайында өтті. Сахна төрінде 3 пен 12 жас аралығындағы 50 бала өнер көрсетті. Бағдарлама бойынша әсем ән мен би, оқушылар сарайы шәкірттерінің жанды музыкасы көрермен назарына ұсынылды. «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық шарасынан ізгі ниетті жандардан 130 мыңға жуық қаржы жиналды. Алдағы уақытта бұл сома аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға жұмсалады
Балқаштық жеңіл атлетшілер облыстық чемпионатта үздік атанды. Спорт мектептері арасында өткен жарыста жерлестеріміз әр түрлі дәрежедегі 4 медалге ие болды.Облыстық жеңіл атлетика чемпионатына 14 пен 17 жас арасындағы 250 спортшы қатысқан. Додада Балқаш намысын қаламыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 7 тәлімгері қорғаған еді. Екі күнге созылған жарыста қатысушылар ұзындыққа секіріп, түрлі қашықтықта жүгірген және граната лақтырып сынға түскен. Спорттық сайыс қорытындысы бойынша балқаштық Милана Сотникова 3000 метрге жүгіруден алтын және 1500 метрліктен күміс медалға қол жеткізіп отыр. Ал 11 секундта 100 метрді еңсерген Евгений Грабовский қола жүлдеге ие болды. Ядроны 12 метрге лақтыра білген Исмаил Алиев болса төртінші орынға табан тіреді. Ендігіде жеңімпаздар келесі аптада Қарағандыда өтетін республикалық чемпионатқа дайындалуда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login