«Үміт үзбе» қайырымдылық қорының концертінен 130 мыңға жуық қаржы жиналды. Бұл жиналған сома аз қамтылған отбасының балаларына оқу жылына әзірлікке жұмсалмақ. Қайырымдылық шарасы оқушылар сарайында өтті. Сахна төрінде 3 пен 12 жас аралығындағы 50 бала өнер көрсетті. Бағдарлама бойынша әсем ән мен би, оқушылар сарайы шәкірттерінің жанды музыкасы көрермен назарына ұсынылды. «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық шарасынан ізгі ниетті жандардан 130 мыңға жуық қаржы жиналды. Алдағы уақытта бұл сома аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға жұмсалады.
Ирина Рожкова – «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы:«Республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Біздің бұл жинаған қаржымыз әлі де мектеп жабдықтарын ала алмаған балаларға жұмсалады. Аз қамтылған отбасы балаларының киімі мен мектепке керек жабдықтары алынады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login