Ғимараттың 1-ші қабатына азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған.
Жаңартылған сот ғимаратын алғашқылардың бірі болып облыстық және қалалық сот төрағалары мен шаһар басшысы көрді. Осыдан екі ай бұрын бұл жерде 160 шаршы метр аумақта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Енді мұнда ресепшн, адвокат пен медиатордың жеке кабинеттері, келушілерге арналған ыңғайлы күту залы мен тегін вай-фай қойылған. Сонымен қатар кеңсе қызметкерлері мен қалалық әкімшілік сотының азаматтардан өтініш қабылдайтын жері шоғырландырылған. Өз-өзіне қызмет көрсету аймағында дербес талап арыз беріп, істің мәртебесі туралы ақпарат білуге болады. Ол үшін қолыңызда электрондық сандық қолтаңбаңыз болса болғаны.
Нұргүл Берлікешева — Балқаш қалалық сотының судьясы:«Өз-өзіне қызмет көрсету аймағында кез келген азамат электрондық сандық қолтаңбасы арқылы сотқа талап арызын бере алады. Сондай-ақ істің қаралу барысының қай сатыда екенін көруге болады. Монитор арқылы сот отырысы қай күнге қойылғанын, қандай істің қаралып жатқанын, біле алады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login