Шет ауданының Бұрма ауылында 23 жастағы ер азамат өзінің танысының 3 жасар баласын өлтірді. Қылмыскер сәбиді анасының қолынан жұлып алып кеткен. Күдіктіні іздестіру шараларына алты жүзге жуық полиция, кинологтар мен еріктілер қатысты. Баланың мәйітін полиция қызметкерлері Бұрма ауылының маңында тапқан, кейін қандықол қылмыскер де ұсталды. Қаскөйдің бұған дейін де сотты болғаны мәлім болды.
Әлішер Бекбосынов Қарағанды қаласы полиция басқармасы қызметінің инспекторы: «Біз екі тәулік бойы баланы іздестірдік. Барлық жерді мұқият қарап шықтық. Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан, Бұрма ауылының маңайындағы тоғайды тексеру кезінде әріптесіміз екеуміз баланың мәйітін тауып алдық. Сол жерге жедел тергеу тобын шақырдық. Басшыларға хабар бердік»
Баланы ұрлаған және өлтірген 23 жастағы күдікті Сопыжанов Игентай Кәрімұлына республикалық ауқымда іздестіру жұмыстары жарияланды. Бүгін қаскөй түңгі сағат 1-лер шамасында вокзал маңында құрықталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ерлан Файзуллин Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы: «Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бала ұрлау және өлтіру қылмысын мойындады»
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қылмыскер Сопыжанов баланың анасымен 2014 жылдан бері таныс, әрі жақын қарым-қатынаста болған. Бірақ екеуі әйелдің туыстары наразы болған соң екі жаққа ажырап кеткен. Ашуға булыққан ер адам әйелдің тәтесін балтамен өлтірген. Сол кезде қылмыскерге 9 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалған. Алайда ол ағымдағы жылдың ақпан айында мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босап шықты.
Ғазиз Такешев – Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары: «2018 жылдың 12 шілдесінде жаза 9 жылдан 6 жыл 8 айға дейін қысқартылды. Жазасын өтеу кезінде Сопыжанов 5 жазаға және теріс 2-ші дәрежеге ие болғандықтан, оған қылмысын өтеген мекеме әкімшілігі жаман сипаттама берген. Шығарудың орынды еместігі ұсынылды»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login