Балқаш жаңалықтары 03.09.2019

  1. Балқаштықтарға  маңызды ақпарат. Қыркүйек  айының 9-нан бастап  шаһарда  ыстық  су  тоқтатылады. 3 аптадай уақыт  жылу  электр  станциясында  жыл сайынғы  әдетпен,  жылу  желелілері  тексеріледі. Жылыту маусымына дайындық аясында магистралдық  құбырлар  сынақтан  өтіп,  жоғары қысымға  деген   қуаттылықтары  пысықталады. 9 қыркүйекте тоқтатылатын ыстық су 28 қыркүйекте қайта қосылады деп жоспарлануда
  2. Қазақстан полицейлері 1 қыркүйектен  бастап жолда ала таяқты қайта қолдана бастады. Бұл министрлік шешімімен қабылданған жаңа заң жобасы. Бүгінде ала таяқтың атқаратын функциясы өзгерді. Енді оны тәртіп сақшысы тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады. Естеріңізге сала кетейік,  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап министірлік  шешімімен Республика бойынша ала таяқты қолданыстан  алып тастаған болатын. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оны жол реттеу құралы ретінде қайта қолданысқа еңгізді
  3. 2020 жылдан бастап елімізде патент негізіндегі салық түрін кейбір кәсіпкерлер қолдана алмайды. Бұл жаңа заң талабы. Бірақ тізімдегі сылақ жұмыстары, такси қызметі, аударма ісі, спорттық тәрбие және бос уақытты арнайы ұйымдастыратын мамандарды дайындау, шаштараз қызметі, және басқа да қызмет түрлерімен айналысатындар мүмкіндікті пайдалана алады. Олар жаңа жылдан бастап, ақшалай есептерін кассалық-бақылау машинасы арқылы жасауға міндетті. Ал басқалары салық төлеудің оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы режимі немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібі бойынша төлеуге тиіс. Өзіңізге ыңғайлы үрдісті тұрғылықты жеріңіздегі салық органына қағаз жүзінде хабарлама беру не электронды үкімет қызметі арқылы таңдай аласыз. Берілген мүмкіндікті жіберіп алған кәсіпкер автоматты түрде жалпыға ортақ салық режиміне ауыстырылатын болады. Балқаш қаласы бойынша 2020 жылдан бастап 1700-ге жуық балқаштық кәсіпкер бақылау какссалық машинасын орнатуға міндетті
  4. «Бизнес бастау» жобасының 10 түлегі өз кәсібін дөңгелетуге грант жеңіп алды. Енді бизнеспен 8 көп балалы ана мен екі жас кәсіпкер айналысатын болады.Жас кәсіпкерлер арнайы курстан өтіп, бизнес жобаларын әзірлеген. Әуелі қаламыздағы, одан соң облыстық   комиссия мүшелеріне жұмыстарын қорғаған. Нәтижесінде әрқайсысы 505 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болып отыр. Бұл қайтарымсыз қаржыға көпбабалы аналардың бірі аспаздық дәмхана ашса, енді бірі тігін және кондитерлік цех, өзгесі сұлулық орталығын ашып, тамақ принтерін сатып алмақ. Ал жастар жағы тротуар плиткасы өндірісі мен интерьер декорымен айналыспақ. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту жыл соңына дейін тағы 3 рет жүргізіледі. Қыркүйекте, қазан мен қараша айларында. Өтінімдерді мына мекенжайлар бойынша қабылдайды. Шашубай ықшам ауданы 3б, «Күлия» бизнес орталығы кәсіпкерлер палатасында және халықты жұмыспен қамту орталығында
  5. Балқашта балаларға туберкулезге қарсы вакцина салу тоқтатылды. Өндірушілерге әлемнің 35 елінен 33 серия препарат кері қайтарылған, соның ішінде Қазақстан да бар.Жапониялық компания биыл шығарған 90 мың партияның 3 құтысынан бөгде зат тапқан. Оның өзінде екпенің өзінен емес, еріткіштен тығынның бөлшегі шыққан. Жапония сол себепті бүкіл партияны қайтарып алып жатыр. Сондықтан бұған дейін егілген вакциналардың бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін емес. Бүгінгі таңда жапониялық екпе орнына Үндістаннан екпе әкелу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Сол себептен Қазақстанда туберкулезге қарсы  екпе жұмыстары уақытша тоқтатылмақ
  6. Енді медициналық сақтандыру бойынша сұрақтарға жауапты шұғыл желі арқылы алуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жаңа байланыс орталығын іске қосты. Қызметке қол жеткізу үшін бар болғаны 1406  нөміріне хабарласу қажет. Тұрғындар шұғыл желі арқылы өздеріне қажетті барлық сауалдарға жауап ала алады. Кол-орталыққа кез келген телефон арқылы қоңырау шалуға болады. Бұл қызмет түрі тегін .Байланыс орталығы жұмыс күндері таңығы 9 дан кешкі 6 жарымға дейін жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы ең бірінші болып  медициналық сақтандырудың  тестілік режимі іске өткен болатын. Жүйенің бұл режиміне бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login