Балқаш жаңалықтары 26.08.2019

  1. Балқаштан 50 шақырым жерде көлік аударылды. Үш адам зардап шегіп отыр, оның ішінде 2 жасар бала да бар.Құтқарушыларға жедел қоңырау  сенбі күні таңғы4-ке қарай келіп түседі. Алматы-Екатеринбург жолының 590-шы шақырымында, Балқаштан 50 шақырым жерде «Фольксваген» маркалы көлік аударылады. Салдарынан көліктегі 34 пен 35 жастағы екі үлкен адам мен 2 жасар бала зардап шегеді. Алған жарақаттары орташа ауыр деңгейде. Бәрі Балқаш қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушілердің бәрі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары
  2. Ресейден шыққан мотошерушілер Балқашқа ат басын тіреді. 14 тамыз күні «Қара пышақ» деп аталатын байкерлер клубынан 10 адам Екатеринбург қаласынан шыққан болатын.«Бірыңғай тарих» акциясы Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мотошеру маршруты: Қостанай, Атбасар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Алматы қалаларын қамтиды. Өткен сенбі Оралдық байкерлер соңғы нүктелерінің бірі Балқашқа тоқтады. Желтоқсан көшесі бойындағы танк ескерткіші жанында жиналды. Одан соң мәңгілік алауға барып, гүл шоқтарын қойып, Балқаштық ерлер рухына 1 минуттық үнсіздікпен тағзым етті. Мотошерудің соңғы нүктесі Алматы қаласы. Ресейден шыққанда 10 адам болған байкерлер қатары әр өңірден ерікті жандармен толығып отырған. «Қара пышақтар» өз қалаларына қыркүйектің басында оралмақ
  3. Балқашқа 108 мыңға жуық жаңа оқулық  әкелінді.  Биылғы жаңа мазмұндағы пәндік оқулықтар 4-ші, 9-шы, 10 сынып оқушыларына арналған. Одан бөлек жоғары сынып оқушыларына жаңа пән еңгізілді. Бүгінде барлық жаңа кітаптар 17 мектеп спорт залында тұр. Әр мектептен келген кітапханашылар оқулықтарды  рет-ретімен  орналастырып жатыр.  Оқу құралдары саналып, сұрыпталып біткеннен кейін барлық мектептерге таратылатын болады. Одан өзге биыл 10 сыныпқа  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән еңгізілді. Бұл пән оқушылардың бизнеске икемін арттырып, экономикалық терминдерді біліп өсуіне,бағытталады.Қала бойынша 450 жаңа оқулық алып келінді.  Ал, 3 сыныптан бастап еңгізілген Ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің бүгін 4 сыныптарға арналған жаңа нұсқасы келді. Жалпы қала бойынша биыл 108 мыңға жуық жаңа кітап алынды. Оның ішіне 4, 9, 10 сынып оқушыларына жаңа бағдарлама бойынша келген оқулықтар кіреді. Тізімде 1 сыныпқа арналған 1400-ге жуық жұмыс дәптері де бар
  4. Қазақстанда әйелдер қауымы ерлерге қарағанда 6%-ға көп. Статистика 100 ер азаматқа шаққанда 106 нәзік жаннан келеді дейді. Сарапшылар Қазақстанда қалыңдық пен күйеу жігітті қайдан іздеуге болатынын анықтады.17 облыстың тек екеуінде ғана ер адамдар жалпы халық санының жартысынан сәл асады – бұл Түркістан облысы, онда мың адамға шаққанда 507, ал Қызылорда облысында – 502 еркектен келеді. Бұрымдылар ең көп тұратын өңір – Алматы қаласында мың адамға 542 әйелден келеді, сондай-ақ Павлодар және Қостанай облыстары. Ал Түркістан облысында жағдай өзгеше, 100 әйелге 127 ер азаматтан келеді. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында 81 мың 280 халықтың 45,7% нәзік жандылар. 25,6 мың адам тұратын Жетісай шаһарында жүз ер азаматқа бар-жоғы 88 әйелден келеді
  5. Балқаштық бишілер республикалық хореография конкурсында үздік атанды. 6 мен 10 жас аралығындағы бүлдіршіндердің бұл үлкен сахнада алғаш өнер көрсетуімен қатар бірінші жеңістері. Алматыда өткен республикалық конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен  әр жас аралығындағы 25 құрама қатысты.  Балқаш пен Қарағанды облысынан «Timur’s team» би тобы өнер көрсетті.  Жерлестеріміз  6 мен 10 жас аралығындағы кіші топта үздік атанып, бірінші орынды иеленді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login