Алғашқы кезең жұмыстары — қоршауларды ауыстырудан басталды.
Жұмысшы бригада саябақ аумағындағы темір қоршаумен бағаналарды алып жатыр. Ескі іргетастың үстіне жаңа фундамент құйылып, кірпіштен жаңа бағаналар тұрғызылады. Одан кейін шаңырақ бейнеленген жаңа темір қоршаулармен саябақ аумағын жауып шығады. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін суару жүйесіне арналған траншеялар қазылып, екі дәретхана орнатылады. Аталған жұмыстар күздің соңына дейін аяқталуы тиіс.
Абылай Көшеков– «Астана Базис-А» ЖШС өкілі: «Ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап Балқаш қаласының орталық саябағының қоршауларын ауыстыру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар біткен соң жаңа колоналар қойылады. Жаңа фундамент құйылады. Және жаңа темірден қоршаулар орнатамыз. 02:59 Жұмысшылар тобы 25 адам. Әр бұрышқа бригадамен бөліп қойып қойдық. Жұмыс қызып жатыр»
Естеріңізге сала кетейік, орталық саябақты абаттандыруға 260 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жұмыс екі кезең бойынша атқарылады. Биыл саябақтың қақпасы жаңартылып, қоршаулары ауыстырылады.Ал, келесі жылы фонтан, балалар ойын алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Барлық жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login