Тамыз айының соңғы жексенбісі кеншілер мен кен байытушылар күні. Соған орай 24 тамызда Қоңырат мөлтек ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Салтанатты жиын 23 тамыз күні сағат түскі 12.00-де нөмірі 25-ші мектеп акт залында өтеді. Ол жерде сала үздіктері марапатталады. Ал, 24 тамыз кешкісін сағат 19.30-да қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Тұрғындар назарына Абдулкарим Каримов пен Айдана Меденова үздік әндерін орындайтын болады. Мерекелік концертте Балқаш өнерпаздары да өнер көрсетеді. Кеншілер мерекесі отшашумен аяқталмақ.
Ләззат Смағұлова — «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш қаласы аймағы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі:«Жыл сайын Қазақстан бойынша бүкіл тау-кен кәсіпорындарының қызметкерлері, жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін, мерекелері шахтер күнін атап өтеді». Биыл 5 адам «Еңбек даңқы», «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталады. Балқаш өңірі бойынша Балқаш өңірінің тау-кен кәсіпорындарының жұмыскерлері
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login