Балқашқа «Факел» лагерінде демалып жатқан 200 бала келді. Олар Шаһардың көрнекі жерлерімен танысып, музейге саяхат жасады.
Лагерь балалары екі топқа бөлініп, екі түрлі орынға саяхат жасады.Бірінші топ балалары мәдениент сарайы алдына келіп түсті. Оларды арнайы гид мамандары қаланың көрнекі жерлерімен таныстырды. Атап айтқанда, олар мәдениет сарайы аумағында, көл жағалауында, «Мәңгілік алауда» болып қайтты.
Роза Түсіпова – «Факел» лагерінің аға тәрбиешісі: «Балаларды Балхаш қаласымен таныстыру. Кішкентайлардың қызықтап біздің көлді көргісі келді. Бірақ, күннің суығына байланысты біз балаларды бүгін шомылдырмай, оларды қаламен таныстырамыз. Балалар осындай жақсы күнмен арыс қаласына қайтады деп ойлаймыз»
Ал, екінші топ Балқаш қалалық мұражайымен танысты. Мұражайдағы гид әр жәдігерге тоқталып, оның маңызы мен тұрмысқа қажеттілігін түсіндіруде.Әр экспонатқа терең үңілген арыстықтар мұражайдан алған әсерімен бөлісті.
Нұрсұлтан Битұрсынов – Арыс қаласының 9 сынып оқушысы: «Балқашқа алғаш рет келуім. Балқаштың музейі тамаша. Біздің Арыспен салыстырғанда өте керемет. Кең тарихы мол бай музей екен. Біз көптеген экспонаттармен танысып жатырмыз. Балқаш маған керемет ұнады. Жолым түссе міндетті түрде келуге тырысамын»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login